"Театр" деген сөзді қалай сипаттауға болады?Жақында тәрбие сағаты болатын еді.Ойлан тап деген сайыс бар.Сол сайысқа театр сөзін сипаттау қажет болып тұр.
"Театр" деген сөз емес, ол ғимараттың аталуы. Театр әртүрлі болады: опера және балет театры, жастар театры, сатира және юмор театры, қуыршақ театры, кинотеатр.
мысалға былай сипаттауға болады: спектакль н/е шығармашылық қойылымдар болатын жер?
Қазақша Википедия: Театр (грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шараларөткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.