0 дауыс
19.0k көрілді

География туралы жұмбақтар тауып беріңдерші ?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
География пәнінен жұмбақтар Аспан мен Жер 1.Үлкен-үлкен түйені Тастапты атам шөгеріп. Өркеші бұлтқа тиеді, Бауыры жатыр көгеріп (Тау) 2. Не басы, не аяғы жоқ Не алды, не арты жоқ Жас та, кәрі де біледі Оның үлкен шар екенін. (Жер) 3. Аспанды жағып өтеді Бірақ бізге жетпейді. (Метеорит) 4. Мекені көкте екі ару Бір-бірін көруге зәру. (күн мен ай) 5.Керегіңше әрқайсың Сіміресің қанбайсың. Онсыз жерде он минут, Өмір сүре алмайсың. (Ауа) 6 .Келсе де әні құлаққа, Өзін ешкім көрмейді. Жусан, қамыс, құраққа Тіптен маза бермейді . (Жел) Су 7.Ол қолсыз, аяқсыз жермен жүріп келеді, Ал жаздың нағыз кезінде, бізге мұздай су ішкізеді (Бұлақ) 8.Таңда моншақтар жарқырайды Шөптерді сәнге келтіріп, Ал күндіз біз қанша іздесек те, Таба алмай қойдың еш жерден. (Шық) 9.Көктен бордай төгілді Жерге келіп жайылды. (Қар) 10. Мен тұманмын, бұлипын да Мен бұлақ, мұхитпын да Жүгіремін, ұшамын Шыны да болып тұрамын . (Су) 11. Теңізбен жүріп, жүріп Жағаға келіп құлайды. (Толқын) 12.Кім түнімен мазалап Төбе жақтан ұрады Өлең айтып, ән шырқап Тербетіліп тұрады . (Жаңбыр) 13.Жетпіс жолға шашылды Жылтыраған жарық тас. Осындай көркем моншақты Ешкім жинап жарытпас. ( Бұршақ) 14.Ол келді ешкім көрмей, Ол айтты еш естілмей. Әйнекке үрлеп жоқ болды Әдемі сурет мол болды. (Аяз) 15 .Көкте жастық сөгілді, Әппақ мамық төгілді. (қар )
...