+1 дауыс
15.8k көрілді
Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек? Жалпы жеке кәсіпкер болу үшін белгілі бір мамандыққа оқу керек па? Әлде ақша болса оқымастан болуға бола ма?
Тағы да жауаптарың бар ма? Адамдар?
қалай жеке-кәсіпкер болуға болады

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Кәсібіңізді өзіңіз таңдайсыз. Нақты оқу бітіру міндеттілігі жоқ. Дегенмен , кәсіпкерліктің заңдылықтарын оқымасаңыз зардап шегесіз.Кәсіпкер болу үшін салық комитетіне барып тіркелесіз. Мына құжаттар мен қадамдар талап етіледі: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін алым төлегендігі туралы түбіртек (2 АЕК) (1852х2=3704 тг). 3) жеке куәлік көшірмесі, түпнұсқасы көрсетіледі; 4) 3,5 х4,5 см көлеміндегі 2 шт фотосурет; 5) жеке кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат); 6) өтініш иесі кәмелеттік жасқа толмаған болса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршыларының келісімі, ал ондай келісім болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған тұлғаның әрекетке қабілеттілігі туралы сот шешімі қоса беріледі.Салық басқармасы барлық құжаттарды тапсырған соң, 3 жұмыс күнінің ішінде жеке кәсіпкер куәлігін береді. Сіз кәсіпкер ретінде тіркелген соң салық комитетіне есеп беріп тұрасыз. Есеп беруді өзіңізге ыңғайлы негізді таңдап аласыз, оны салық органдары қызметкерлері түсіндіреді. Сосын тиісті уақытымен табысыңызды көрсетіп салық заңнамасына сәйкес есеп беріп отырасыз. Егер табыс таппасаңыз табыс таппадым деп нөлдік ретте есеп беріп отырасыз. Уақытылы есеп бермей қалсаңыз көп мөлшерде (51856тг) айыппұл төлейсіз.Кәсіпкерлікті өздігінен оқып, сауат ашамын деушілерге қазақша , орысша электрондық кітабын беремін.Кәсіпкерлікке байланысты материялдар керек болса , өзімде бар нәрселердің бәрін беремін.

+1 дауыс

Жеке кәсіпкер болу үшін жергілікті салық комитетіне барып тіркеліп, жеке кәсіпкерлік куәлігін алса жеткілікті. Білімнің қатысы жоқ.

0 дауыс

Кәсіпкер болу үшін оқудың қажеті жоқ, болашағы бар кәсібің болса, соны бастап іске асыра бересің.

0 дауыс

Жеке кәсіпкер болу үшін алдымен сол кәсіпті ашуға қабілетті болсаңыз жеткілікті. Оқымай-ақ, жеке кәсіпкер болуға болады, яғни тек қана тіркеліп, куәлік алу арқылы іске асады. Мұндай түрі тек кішігірім кәсіп ашқыңыз келсе ғана болады, ал егер де үлкен кәсіп, бұл деген-өзіңіз басшы, қол астыңызда бірнеше қызметкер болса, мысалы: тігінші шеберханасы-онда бірнеше қызметкерлер, мал шаруашылығын дамыту, дүкендер ашу т.с.с. қажет болған жағдайда, онда бірнеше айлық курстарын оқып алуыңыз қажет болады.Мына сілтемеден қарап көріңіз http://astana.satu.kz/Biznes-kursy.html немесе Бизнес курсы-деп, өз қалаңыздың атауын жазып іздесеңіз болады, барлық сала бойынша, айына қанша екенін, орны қай жер екені жазулы.

+1 дауыс

Жеке жоспар құрып жұмысшылар туралы не кәсіппен айналысатыныңды шешуің керек ең алдымен қаржылай инвестиция немесе көмек болу керек кәсіп бастау үшін.

0 дауыс
Ең алдымен қаржы көзі демеушілер болу керек сосын бизнес жоспарыңмен сенімді серіктестер керек.
0 дауыс

Кәсіпкер болу кез келген адманың қолынан келе бермейді. Дегенмен, өз мүмкіндігіне сене білген, алға ұмтылған, әрдайым ізденісте жүретін әрбір азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады. Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, біз ұсынған 50 кеңесті әдетке айналдыруыңыз керек.

1. Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашып, ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап оқыңыз. Бұл маңызды емес. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.

2. Жаңалықтар легінен хабардар болыңыз. Жетістікке жеткен табысты адамның образынан өзіңізді көргіңіз келсе, әлем жаңалықтарынан, сонымен қатар сіздің қызығушылығыңызға байланысты қандай жаңалықтар болып жатқаны туралы хабардар болып отырыңыз. Білім – бұл баға жетпес байлық.

3. Жаңа орта жаңа таныс табудан ешқашан бас тартпаңыз. Бұл жерден сіз өміріңізді жақсы жағына өзгертетін себептердің пайда болуына мүмкіндік табасыз.

4. Бәсекелестерді қадағалыап отырыңыз. Егер олар жаңа өнім шығарса, бұл өнім туралы сіз бірінші хабардар болуыңыз керек.

5. Өзгерісте болыңыз. Үнемі өзгерісте болып, жаңашылдыққа ұмтылудан жалықпаңыз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...