+1 дауыс
4.3k көрілді

 

Банкоматқа ақша, айлық түскенін хабарлайтын смс хабарламаны істеу үшін қалай,қай батырламаларды басу арқылы орындайды? егжей-тегжейлі көрсетіп жіберсеңіздер нұр үстіне нұр болады.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Мобильдік банкинг» жүйесіне Халық банкінің банкоматы арқылы немесе банк кеңсесіне барып жолығу арқылы қосылуға болады. Банкомат арқылы қосылу үшін: Ұялы телефоныңызға ақпарат түсіп отыруға тиіс карточкаңызды алып, Халық банкінің кез келген банкоматына барыңыз. Банкомат экранынан "Мобильдік банкинг" — "Мобильдік банкинг" жүйесінде тіркелу" деген қызмет түрлерін бірізділікпен таңдап аласыз да. Банктен сізге SMS-хабарламасы жіберіліп отыратын мобильдік телефон нөмірін және оператор кодын көрсетесіз. "Мобильдік банкинг" жүйесі қызметінің пакетін таңдап аласыз: - Толық пакет -Банктен қызметке қосылғаны жөнінде хабарлама. Айлық абоненттік ақы төлеу қарастырылған. - Толық емес пакет - сұрау боынша қызметті алу. Абоненттік төлем ескерілмеген. 5. Чекті алыңыз. Банк бөлімшесінен қосылу үшін: Өзіңіз тұратын жердегі Халық банкінің кез келген бөлімшесіне барып, «Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылуға өтініш беріңіз. Өтініш бергенде Банк менеджеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатты және "Мобильдік банкинг" жүйесіне қосылатын карточкаңызды (карточкаларыңызды) көрсетесіз. «Мобильдік банкингке» қосылудың екі тәсілі бойынша да аталған қызмет түріне қосу екі банктік күн ішінде іске асырылады. Бұл жағдайда тек сіздің карточкаңыз бойынша берешегіңіз болмағаны жөн әрі ұялы телефон нөмірі дұрыс көрсетілуі керек. «Мобильдік банкинг» қызметіне қосылу банкомат арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметке Банк кеңселері арқылы қосылу тек банкомат арқылы қосылу жүзеге аспаған жағдайда ғана жүргізіледі және оған арыз жазу қажет болады. Қызметке қосылғаннан кейін ұялы телефоныңызға SMS-хабары келіп түседі.

+1 дауыс

http://www.halykbank.kz/kz/press-center/news/year-2012/679

жауабыңызға алғыс білдіремін!
...