0 дауыс
837 көрілді

Scanner туралы сабақ жоспары керек еді кімде бар құрып бересіңдерма ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Күні: ХХ.ХХ.ХХХХ

Сыныбы: Х

Пәні: Информатика

Тақырыбы: Сканердің технологиясы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сканердің не екенін және оның толықтай технологиясымен таныстырып, әрбір оқушы сканермен емін-еркін жұмыс жасай алатындай жағдай жасау.

Сабақтың түрі: Түсіндірмелі

Әдісі: Баяндау

Көрнекілігі: Компьютер, сканер, оқулық. (Егерде слайд жасасаңыз, интерактивті тақта)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақ
3. Үй тапсырмасын сұрау

    Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Сканер Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.

Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.

1.Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм,

2.Программалық бөлігі – TWAIN драйвері. Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды. Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады. Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан. Сканерде түстердің 4 типі қолданылады: v газоразрядты лампалар – жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады. v «ыстық» катодты лампалар – бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет көрсетеді (шамамен 1 000 сағат). Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа өшірілмеуі керек. v «салқын» катодты лампа - өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді. v Светодиодтар – энергияны аз тұтынады. СІS-сканерінде қолданылады. Қазіргі сканерлерде 3 түрлі светодиодтар жоғарғы жиілікте пайдаланылады. Сканерленетін бейненің сапасы оның түсінің қанықтылығына және динамикалық диапазонға байланысты. Сканерлердің сыртқы айырмашылықтары – сканерді компьютерге жалғайтын интерфейс. Қазіргі кезде интерфейстердің көптеген түрлерін кездестіруге болады. -LPT – бұл берілген сканер интерфейсі компьютердің параллельді портына принтердің орнына жалғанады. Бұл қосылу типінің көптеген кемшіліктері бар. Сканермен жұмыс істеу барысында принтерге қосылу өте қиын. Бұл мәселені SPP стандартты режимімен шешуге болады, бірақ сканер мен принтердің жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді. - SCSI – бұл ескі қосылу әдісі. Компьютер мен сканер арасындағы байланыс арнайы кеңейтілу платасы SCSI интерфейсі арқылы жүзеге асырылады. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдықта болуы жоғары сапалы сканерлеуді қамтамасыз етеді. - USB – қазіргі кезде қолданылатын бастапқы қалыпта сканерлейтін интерфейс. Мәліметтердің берілуіне аса жоғары жылдамдықты қажет етпейді. - FireWire қымбат, бірақ перспективті интерфейс. Мұндай сканер комплексінде 3 портты FireWire контроллері болады. Сканерден бөлек компьютерге басқа құрылғыларды да жалғай беруге болады (мысалы, цифрлы камера). Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға бола

Қорытынды: Оқушы түсінігі

Үй тапсырмасын сұрап, бекіту.

Үйге тапсырма: Сканердің технологиясы

Ағылшын керек еді маған)
;) Қандай пәннен сабақ бересіз?
сканер туралы агылшынша кагаз турінде сабак жоспары керек маган тек бір бет
...