+1 дауыс
2.1k көрілді

Зиялылық деген не? Өтінем тез жауап керек!

2 жауап

+2 дауыс
Адам бойында мемлекетшілдік рухты қалыптастыратын, адамды Отаншыл рухта тәрбиелейтін — тарих тағылымы. Тарих тағылымымен тәрбиеленген — ұрпақ бойында ұлттық мінез қалыптасып, ұлттық тәлім-тәрбиенің көзіне айналады. Мұның қайнар көзі — зиялылық. Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, әр ұлттың зиялылары өзіндік дербес сипатымен ерекшеленеді. Бірақ олардың мақсаты бір. Ол – ұлт мүддесі.  Зиялылық, зияткерлік, интеллигенттік (ағылшынша іntellectualіsm, французша іntellectualіsme, немісше іntellectualіsmus) – адамның жоғары мәдениеттілігінің, ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым. Зиялы тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тарихи тұрғыдан түйсініп, бағалай білуінен, әлемдік және ұлттық мәдениет туындыларын талғампаздықпен белсенді игеруінен, бойындағы махаббат, ізгілік және әділеттілік сезімдерінің молдығынан, басқа жанға, жалпы адамзат баласына сүйіспеншілігінен, өзінікінен өзге ой-пікірге төзімділігінен, т.б. қасиеттерінен аңғарылады.
Көп рахмет! Бес алдым! Көп-көп рахмет сізге!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс

Зиялылық - тәрбиелі, білімді, парасатты адамның бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы.

Ол жағын білемін.Маған толық жауап керек еді. Кешіріңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 5.04.2021 Қазақ тілі сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
Демо 13.11.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
...