Сіздің қолыңыздан бәрі келеді,қорықпаңыз, өзіңізді босқа кері тартпаңыз!Қиыншылықтарды көп көрген адамдар үнемі бәрін үйренуге даяр тұрады,өйткені алдында үлкен сын күтіп тұрады,жеңбесе болмайды.Бір кісінің сөзі есіме түсті: егер еш қимылдамасаң, қиыншылық та болмайды,күнәдан да аулақ боласың деген.Қиыншылық- адам көп нәрсені,үйренем,жеңем деген кезде шығатын сынақ іспетті. Қиындық адамды көп нәрсеге үйретеді.Қиындықсыз өмір болса,өмір қызықсыз деген сөз де бар.Бірақ оған бола,қиындықты шақыртуды меңземеймін.Сондықтан,олай айтпаңыз,үнемі жолым болмайды деп ойласаңыз,сол болуы әбден мүмкін. Өмір бірақ рет беріледі.Аяқ,қолың,басың аманда дұрыс іс-әркет жасап,қадамыңды алға бас.Әйтпесе,мүмкіндігі шектеулі жандар жайында көбірек тыңда, сонда көзқарасыңыз өзгереді.Бәрібірде кейінге шегінуге жол жоқ, алда қиыншылықтар қасқайып күтіп тұрады,оданда сондайға тәжірибе жинап,бәрін үйренгеніңіз абзал.Сіздің өнеріңіз болмаса,барынша ынталанып,қызығуға тырысыңыз.Бәрі адам қолымен жасалатын нәрсе,адамның қолынан көп нәрсе келеді,сондықтан тек үйрен де,жирен.)