Салқынқандылық– жақсы қасиет
Мамандардың айтуынша, қорқыныш пен үрейді жеңу үшін ең бастысы, бойды билеген үрейді ақылға жеңдіріп, баты-лырақ қимылдап, ойыңызды ашық айтуға тырысыңыз. Қолға алған ісіңізді өте жоғары сапада атқарып шығуға ақыл-ойыңыз бен қарым-қабілетіңіздің толық жететінін басшыңыз түсінетін болсын. Жаңа бастығыңыз Сізді басты бәсекелесі деп түсініп, шамасы келсе ерікті түрде жұмыстан өз еркіңізбен кететіндей жағдай жасайды. Бірақ ол өзінің бұл ойын іске асырмас бұрын әр ісіңізге жөнді-жосықсыз мін тағып, жүйкеңізге тиюге тырысады. Бастығыңыздың өзіңізді ұнатпайтынын сезген бетте-ақ, күйіп-піспей сабыр сақтап, бағаңызды біліп, құр босқа жүйкеңізді жұқартпай психологиялық қарсы әрекетке көшу керек. Есіңізде болсын, өзінің ұтылғанын сезген адам, батыл қимылдап ашуды ақылға жеңдірсе, қашан да жеңіске жетеді.
Әрине, түпкілікті шешім қабылдайтын Сіз, алдыңызда тұрған басты мақсат бойдағы үрей мен қорқынышты жеңу. Сіз өз ісіңізді жетік білетін білгір мамансыз. Еңдеше, лайықты жұмыс табу соншалықты қиын шаруа емес.
Неліктен еркектер нәзік жандардың бойындағы біліктілік және икемділік ерекшеліктерін көп ретте айналып өтуге тырысады. Себептері әр түрлі, ең бастыларының бірі - әйедерге тән, табысқа жету жолындағы қорқыныш. Бұл - әдеттегі өмір қиындығынан туындайтын әйел бойындағы қорқынышқа ұласатын үрей.
Өмір алдындағы қорқыныш адам санасы төрінің түкпіріне берік орнығып алатын қорқыныштың ең қауіптісі. Кейбіреу бұл қиындықтарды тез арада бастан өткеріп, жеңіл шығады, адамдардың енді бір тобы бойдағы қорқыныш пен үрейді жеңе алмай қиналып азапқа түседі. Көп жағдайда әйелдердің саналы көзқарастан туындаған талап-тілектері мен түсінбеушіліктен туындап жататын кейбір әрекеттері қабыспай, соның салдарынан жеңілісін мойындауға тура келеді. Әйелдердің мұндай көңіл-күйі ішкі жан-дүниесінің қарама-қайшылықтарына ұласады.
Мұндай әйелдер өзінің қадір-қасиеті мен мүмкіндіктерін бағалай алмай, жіберген қателіктердің төңірегінде тоқырап, шешім қабылдаудан жасқанады, қоғамдық ортадан алшақтап, жалғыз қалудан, қиындыққа қасқайып қарсы шығып күресуден қор-қады. Қатты сынға ұшырап, ел алдында ұятқа қалармын деп жасқаншақтыққа тап болған сайын ұрыссыз беріле салуды әдетке айналдырсаңыз, бұл өзіңізді өзіңіз тұңғиықтың түбіне тастаумен бірдей. Әйелдің жаны нәзік болғанымен рухы мықты. Күресіңіз, міндетті түрде жеңіп шығатыныңыз анық.