+2 дауыс
Неге кейде қорқынышты түстер көріп шығамыз? Неге түсімізде ұшып жүреміз? Жүгіре алмай қалатынымыз неліктен? Түс көруге қандай факторлар әсер етеді?
25.02.2014 886 қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түстеақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі.

Яғни күндіз көрген-білгендерімізді түсімізде қайталаймыз не сол секілді әрекеттер жасаймыз.

Ал түс көргенде жүгіре алмай қалатынымыз - үстімізде ауыр көрпе (немесе басқа ауыр зат) болған жағдайда түсімізде жүгіре алмай қаламыз : )

Қорқынышты түсті бірнәрседен шошынғанда және шайтан азғырғанда көреміз.

25.02.2014
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,980Қолданушы