+2 дауыс
913 көрілді
Бір аптадан бері бір түрлі суық жел соғып тұр біз жақта. Қардың суығына қалтырап жүргенде мына жел бір жағынан .. әжем 'үтбикештің желі ' бұл дейді, ал атам 'бөрi сырғақ' бұл дейді. Естігенсіз бе осындайды? Жазылуында қателік болуы мүмкін, себебі әжем мен атам тел-мен айтып еді.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Үт бике тек ауа райына қатысты айтылмаған. Үт бикенің түсінігі сан алуан болған, қазақтар жаңа жыл жақындағанда жақсы жыл болсын деген үмітпен ауа райын өз ойларынша жақсылыққа болжап, үт бике деген ұғым қалыптастырған екен. Әжеңіз алдағы жылымыз жақсы жыл болсын деп Үт бикенің желі деп айтқанғо. Ақпанның 17 – 23 арасында "Бөрі сырғақ" бораны болады деседі.Осы боранда қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. 62 күннен соң, қасқыр бөлтірігін туады. "Сырғақ" деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады. Осы жел "Бөрі сырғақ" шығар мүмкін.

+2 дауыс

Көркем қыз! Табиғат құбылыстарын әр аймақта әртүрлі айтады. Мысалы, Сыр бойында қысқа циклон желін "бесқонақ" деп айтады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...