Тыныш жүрсең, ешкім ақша сұрамайды. Біздің мектепте де үлкендер менің сыныптастарымды ұрып ақша сұрайтын. Бірақ барлық жігіттерден емес, тек қана бұзық, өзіне бәле тілеп қалған жігіттерді ұратын еді. Саған айтар кеңесім қазірше шыдай тұр. Сен де 1 жылдан соң солардай боласың. Шыдай алмасаң қорқыт оларды полицияға, менттерге айтамын, үстеріңнен жазып жіберемін деп. Сонда да қоймаса, Шымқаладан ағаларыңды шақыр немесе жездеңе(әпкеңнің күйеуі болса) айт. Тағы да айтарым колледждегі мұғалімдеріңе айтпа, себебі олар өздерінің абыройларын ойлап жай ғана жауып қоя салады. Бар айтарым осы.