Алимент төлеуші жұмыссыз болса да, оны төлеуден құтыла алмайды. Жұмыссыз адамның баласына төлейтін алимент мөлшері тұрғылықты жеріндегі айлық орташа жалақымен есептеледі.
Алиментті қарыз ретінде өндіруге де болады. Ол үшін жеке сот орындаушымен бірге әрекет етіп, ол адамның атында мал-мүлкі, үйі бар ма, соның бәрін тексеріп, анықтауға болады.
Алимент төлеуші жұмыссыз, табысы жоқ болса, алиментті туыстарынан талап етуге де болады. Толығырақ заңгердің жауабын қазақстандағы алимент мөлшері мақаласынан оқи аласыз.