+1 дауыс
20.7k көрілді
2014 жылы Қазақстанда жұмыссыз әкелердің төлейтін алимент мөлшері орташа айлық көрсеткішпен есептеледі деген. Осы заң қабылданды ма?

21 жауап

+1 дауыс

Мұндай Заң қабылданған жоқ. Алимент төлеуші жұмыс жасайтын болса, бір бала үшін айлық жалақының 1/4, екі бала үшін 1/3,  үш және одан көп бала үшін 1/2 мөлшерінде есептеледі. Алимент төлеуші жұмыссыз болса, ешқандай кіріс көзі жоқ болса сот оның дүние мүлкінен тиесілі мөлшерде алимент өндіріп береді. Табысын, жұмысын жасырып алимент төлеуден жалтарса, жұмыстағы өзгеріс туралы заңда белгіленген тәртіпте хабарланбаса жұмыс берушіге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу көзделеді, ал алимент төлеушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге сонымен қатар 10 күн қамауға алуға дейін әкімшілік жазалар қолданады.

Егер акеси жумыс жасаймын деп ол жерде жумыс жасамаса мен кандай шара колдана аламын
0 дауыс
2014 бастап алиментчик жумыс истесин истемесин бир балага 27000 толейди ол занда бар билмейтиндер айтпандар.
Алиментти жумыс истеп жатсада 10000 нан асырмай салады.кейде 5000 мин.Мен жумыссызбын казир ол акшага кызыма ештенесине жеткизе алмайм.Ол 27 минди тойлеу ушин кайда барам кимге шагым тусирем комек бериниздерши.
0 дауыс
Саламатсыздарма! Ортак 2 баламыз бар.Жолдасым əскери адам.Алимент канша болады?Уйіміз бар,біракта үй тұрған жер қайынінімнің атында.Бізге ол үйден тиер пайдасы болама?
0 дауыс

Саламатсызба!!! Меним 1кызыма Климент толеуге тисти екенмин 27000 тенге жумыссыз Адам кайдан табады осы акшаны  осынын тусиндирип бересизбе ай сайын 10000тенге толейм бирак оны канагат тутпайды

0 дауыс
- Міндетті алименттерді өндіру төлеушінің жалақысынан немесе өзге де табысынан жүргізіледі. Алиментті өндіру процедурасы бойынша сот орындаушысы орындаушылық қағазды немесе сот бұйрығын алимент төлеуші жұмыс жасайтын жұмыс берушіге жібереді. ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 165 бабына сәйкес, алимент төлеуге міндетті тұлға жұмыс жасайтын мекеменің лауазымды тұлғасы орындаушылық құжат негізінде оның айлық жалақысынан немесе өзге де табысынан ай сайын алиментті алимент алушы тұлғаның пайдасына ұстап қалуға және төлеуге немесе алимент төлеуге міндетті тұлғаның есепшотынан жалақы немесе өзге де табыс төленгеннен кейінгі 3 күн ішінде аударуға міндетті. Әдетте мұндай қызмет кәсіпорынның есеп бөліміне (есепшіге) жүктеледі.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 102 бабына сәйкес сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және өзге де табыс көзінен қарыздың дұрыс және уақытында ұсталғанына және ұсталған соманың қарыз алушыға жетуіне жүйелі бақылау жүргізуі керек: тоқсанына бір рет; өндіріп алушының (заңды өкілінің) арызы бойынша кез келген уақытта. Бұл ереже борышкерге де қатысты. Осылайша, егер алимент алушының немесе борышкердің алиментті ұстау немесе уақытында аудару бойынша сұрақтары немесе күдіктері немесе талаптары болса, сот орындаушысы жазбаша арыз бойынша тексеру жүргізуге міндетті.

Егер азамат оның бұрынғы жұмысында оның арызы бойынша жалақы бойынша мәліметтерді бермейді деп ойласа, онда оған жазбаша арызбен қазіргі уақытта одан алимент өндіру бойынша сот актісі өндірісте жатқан мемлекеттік сот орындаушысына бару керек. Арызда өзінің шағымын егжей-тегжей түсіндіру қажет.

Жалақыдан ұсталған алимент мөлшерін анықтау үшін сот орындаушысының өзі оның бұрынғы жұмысындағы есеп бөліміне сұраныс жібереді. Онымен қатар сот орындаушысы борышкердің жұмыссыз жүрген кезіндегі алимент бойынша қарызын есептеп шығарады. Қарапайым тексеру бойынша оның бұрынғы жұмыс орнындағы жалақысынан ұсталған алименттің дұрыстығына көз жеткізуге болады.

Егер бұл жағдай жаңа жұмыс орнында да қайталанса, онда сот орындаушысы оның арызы бойынша қазіргі кездегі борышы туралы қаулы шығаруға міндетті. Егер қарыз әлі күнге дейін өтелмеген болса, онда оның жалақысынан 25 пайыздан артық ұсталуы негізді (бірақ 50 пайыздан артық емес). Егер қарыз төленген болса, онда оның жалақысынан тек 25 пайыз ұстауы тиіс.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 95-бабы 1 тармағы бойынша бір немесе бірнеше атқару құжаттары бойынша борышкердің жалақысынан немесе табысының өзге де түрлерінен төлем өндіріліп алынған жағдайда борышкер жалақысының немесе өзге де табысының кемінде 50 пайызы сақталуға тиіс.

ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 169 бабы 1 бөліміне сәйкес алимент өндіріп алу  алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.

ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 169 бабы 2 тармағына сәйкес егер алиментті ұстау атқару құжатының негізінде немесе нотариатта куәландырылған келісімнің негізінде алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайларда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және күтіп-бағуға алимент тағайындалған адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.

Сот орындаушысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның кез келген әрекетін борышкер заңға қарсы әрекет деп санаса, ол сот актілерін орындау бойынша өңірлік департаменттерге, прокуратураға шағымдана алады.
0 дауыс
Салеметсизбе! Менин еки балама 10000 тг толейди, ол ештенеге жетпейди. Балаларымнын акеси кайда стейтинин билмеймин. Алимент коп толету ушин нестеу керек. Толык жауап беринизши.
0 дауыс
салеметсизбе... мен кызымнын 3 аилык кезинде кетип кп
0 дауыс
Салеметсиздерме? Куйеуимнин бурынгы айелинен 1 баласы бар алиментин уакытылы толеп турады. Бирак ол баланы корсетпит. Ози баска биреуге турмыска шыгып баланы шешесине берип кеткен.енди биз занды некедемиз мен онын 2 ши айелимин ортак 1
0 дауыс
Саламатсыздар ма! Інім бірінші əйелінен ажырасып бір бала жат жұртқа кетті. Алимент төлеуге мəжбүрлеп жатыр. Ал інім екінші рет үйленіп 4 баласы бар. Екеуі де жұмыссыз. Осындай жағдайдағы інім қаншалықты 27 мың алимент төлей алады.  Заңында дұрыс кеңес айтатын адам керек еді. Көмектесіңіздерші!
0 дауыс
Салеметсыздерме! Мен куйеуыммен ажыраспай алимент алгым келеды! 3 балам бар. 3 балага канша толейды? Общий очислениядан толейма или колма кол алган акшадан устаидыма алиментты? Осыган жауаб жазсаныздар екен?  Рахмет!
0 дауыс
Cаламатсыздарма алимент төлемей борышкерді сот орындаушылары таппай жүрсе қандай шара қөолданса болады?
0 дауыс
Саламатсызба алимент кай жаска келгенде токтатылады 18 жаска толганда токтатылама. Алде 21
0 дауыс
Салеметсіздерме? Менің Сестрамның заңды түрде ажырасканына 1 жылдай уакыт болды. Бірақ бұрынғы киеуі 2 баласына 10000 тг тойлиді қызы 1 класска барады ұлы 3 жаста ол 10000 тг ештенеге жетпиді.  Несьесе болады ол сомма оте аз казыргы кезде.  Қандай заң бар оған?
0 дауыс
Саламатсызба?кызымнын акеси жеке сот орындаушысы болып кызмет етеди.бирак алиментин толык толемей отыр.еки жылга жуык толенбеген карызы бар.бирак торт айдай болды айсайынгы 25мын толеп жургенине. осы кезге диинги толенбеген карызын калай ондирип алуга болады?менин арызым сол жеке сот орындаушысында.бари бир коорпаратив болгандыктанба билмейм ешбиреуинен ешкандай ондирис болып жаткан жок.негизи  арызды жеке сот орындаушыларына берген себебим мемлекеттик сот орындаушысы солай  талап етти.енди мен кайда шагымдана аламын?
0 дауыс
Биринши некесинде 1бала оган 18жаска дейн алимент занды толенди. Енди сол биринши некедеги айели жогаргы оку орнына толесин деген арыз жазыпты. Ал екинши некеде 4баласы бар сол жагдайды ескерип,арыз беруши тарапка карсылык корсете аламыз ба? Бас тарту жонинде кукы бар ма ер азаматымның? Сурагым жауапсыз қалмаса екен

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...