Отызжылдық соғыстан кейін Габсбургтердің дәмелерінің орнына енді негізгі европалық мемлекеттердің аймақтық деңгейде басым болуға ұмтылыстары шықты. Вестфаль бітімінен кейін олардың әрқайсысының саяси ықпалы өзгерістерге ұшырады.
ХVІІ ғасырдың екінші жартысы – ХVІІІ ғасырдың басында Батыс Европада Франция жетекші жағдайда болды. Бұл феодалдық абсолюттік монархиялық басқару және капиталистік уклад жағдайындағы ел еді. Ол мемлекеттік орталықтандырылған және күшті бюрократиялық аппараты бар ел еді, бұл корольдің елдің барлық ресурстарын пайдаланып, сыртқы саяси бағытын өзі жүргізуіне мүмкіндік берді. Франция басқа европалық елдерді аумағының көлемі, тұрғындарының саны, тұрақты армиясының мөлшері (бейбіт кезеңде де 200 мың адамнан төмен болмады) жөнінен басып озды. Ол қолайлы географиялық жағдайда орналасты, онда қажетті пайдалы қазбалардың қоры болды, әрдайым әскері мен сауда флотын күшейтіп отырды. Францияның барлық отарлық иеліктері Канаданы, Луизиананы (Миссисипи өзенінде), Антиль араладарын, Үндістанда Пондишериді, Африкада Мадагаскарды қамтыды. Сыртқы сауданы кеңейту және белсенді сауда балансы – кольбертизмнің экономикалық саясатының негізін құрады.
Европаның халықаралық өміріндегі жаңа жағдай ХІV Людовиктің билігінің басталуымен тұспа-тұс келді, оның атымен француз абсолютизмінің ең жарқын кезеңі байланысты болды. Оның ішкі және сыртқы саясаты табысты болды. Кардинал Мазаринидің көрнекті дипломатиялық және мемлекеттік қайраткер ретіндегі қасиеттері арқасында тақ Фрондамен күресте де, сонымен бірге Отызжылдық соғыс пен Испаниямен соғысты Франция үшін табысты аяқтады. Мазарини тәрбиесінде болған ХІV Людовик өз қолында бүкіл билікті шоғырландырды. Мемлекеттің үлкен потенциалдық мүмкіндіктері, Испанияның поверженносі, империяның бытыраңқылығы, болуы мүмкін қарсыластардың бытыраңқылығы ХІV Людовиктің агрессиялық сыртқы саясат жүргізуін анықтады.
Францияның агрессиясы батыс герман жерлеріне қарсы бағытталды, әскери және дипломатиялық әдістерді қолданды. Агрессияның келесі бір бағыты – Испанияға қараған Франш-Контеге және Оңтүстік Нидерландыға бағытталды.
Францияның Англиямен қатынасынасына келсек, бұл кезде ХІV Людовик қаржы және дипломатиялық қысым жасау арқылы Англияға өз бақылауын орнатқысы келді.
Оңтүстік Нидерландыны иеленуге ұмтылу Францияны Голландиямен қақтығысқа әкелді.
Француз дипломатиясының басты мақсаттарының бірі – теңіз державасы Англия мен Голландияның ынтымақтастығын, Англия мен Испанияның ынтымақтастығын болғызбауға тырысты.
Испания Португалияға өз үстемдігін қалпына келтіру үшін соғысты.
Францияның Европадағы саяси үстемдікке ұмтылысы көптеген европалық мемлекеттер қатысқан бірқатар соғыстарға әкелді. Бұл соғыстар Францияның өзінде де қаржы шығынына, салықтарды көбейтуге, ХVІІ ғасырдың ортасындағы халық көтерілістеріне әкелді.
Испания Вестфаль және Пиреней (1559 жылғы Испания мен Франция арасында жасалған) бітімдерінің ауыр салдарларын бастан кешті, оның әскери күші және саяси беделі төмендеді, испан флотының да күні өтті. 1655 жылы испан королі ІV Филипп өлгеннен кейін ІІ Карл Габсбургтің баласы болмады. Испан тағына кім отырады деген мәселе, испан отарларын бөлісу үшін болған – испан мұрасы үшін соғысқа әкелді.
Испания әлсіресе, ал Голландияның Европадағы саяси ықпалы күшейе бастады. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында күшті теңіз державасына айнала бастады.Ол экономикалық гүлденуді басынан кешірді, сауда және әскери флоты болды, банк жүйесі дамыды. Солтүстік Европа мен Рейн өзені бойындағы халықаралық сауданы бақылады. Испанияның, Португалияның отарларын басып алуға тырысты. Ост-Инд, Вест-Инд кампаниялары отарлық саясат жүргізді. Голландықтар Индонезияға, Үндістанға, Австралияға жетті, Жаңа Зеландияны ашты, Бразилияның бір бөлігін отарлады, Солтүстік Америкада 1626 жылы Жаңа Голландия отарын құрды. Оңтүстік Африкада Кап отарын құрды.
Англия ХVІІ ғасырдың ортасында революция, азамат соғысын бастан кешірді. ІІ Яков кезінде Франция субсидияларына тәуелді болды, сондықтан ағылшын сыртқы саясаты дәйексіз болды. Буржуазиялық жолмен дамыды, сондықтан шығару процесінде, сыртқы саясатта буржуазияның мүддесі көзделді. 1688 жылы Вильгельм Оранский – корль болды, ағылшын-француз қайшылығы бірінші орынға шықты. ХVІІ ғасырдың соңына қарай Голландиямен күресте Англияның басымдығы көрінді. Экономикалық күші өсті. Солтүстік Американың шығыс жағалауларында, Үндістанда, Антиль аралдарында, Африкада отарлары болды.