0 дауыс
3.0k көрілді
Менің қызым мені көрінген нәрсеге қызғанады. Бас кезінде шыдап жургенмін, енді бір ауруға айналған сияктымын. Қанша қызғандырмайын деп әрекет жасап жүрсем де, бір болмашы нәрсеге қызғанып, менімен сөйлеспей, ренжіп жүреді. Өзімнің мирымды да, басқаларға қызғанбасын деп, өшіріп тастадым. Тіпті кейде агентпен сөйлесіп отырып, ұйықтап қалсам, „кіммен сөйлесіп маған жаза алмай отырсың?„ деп ренжиді, маған сенбей... (Жұмыстан кейін, кейде сөйлесіп отырып ұйықтап қаламын:) )

Не амал қолдансам болады? Осы қызға уйленсем деп жүрмін, тек ертен уйленгесін бұдан жаман болады деп ойлап отырмын.

6 жауап

+6 дауыс
Жүре бара оған не үйреніп кетесің не болмаса жолдарын екіге айырылады. Ол мінез қалмайды қашан болсада. "Ауру қалса да , әдет қалмайды" деген бар емеспе.
+2 дауыс
Дұрыс айтасыз, ондай жағдайлар көп кездеседі, бұл психикалық ауытқушылық, жақсы психологтың кеңесіне жүгіну керек. Қызғанушылық өз-өзіне көңілі толмаушылықтан туындайды (ғылыми атауы: комплекс неполноценности). Психологқа барып қаралыңыздар немесе осы интернетте де жетіп артылады ондай кеңестер (қазақшасын білмеймін орысша көп) "Ревность - как с ней бороться" - деп іздеп қара
мысалы мына жерде жақсы жазылған: http://www.sunhome.ru/psychology/14834
+3 дауыс
кызганганы дурыской енди буган коне бер ага сени шын журектен жаксы коргениго
+4 дауыс
Кызганган жаксы гой, сенi катты суйгенi. Кызганганынан жалыксаныз сiз де оны кызганыныз, озiнiн кылыктарын алдына келтiр. Сен де адейi колы тимей жатканда звонда, алмаса кiммен сойлесiп ала алмай калдын де немесе уйыктап жаткан кезде звонда. Шаршап турмын кейн сойлесейiк десе кiммен сойлесiп шаршап журсiн деп сылтау iзде, бiрак адейi жасап жургенiндi бiлдiрме. Сол кезде тусiнетiн шыгарсын. Кыскасы оган коп конiл болуге тырыс.
Осындай мәселеде тәжірибең көп сияқты ғой )))
Тамаша жауап!Кей қыздарға өздерінің істеп жүргенін өзіне істемесең түсінбейді!Бірақ қызғанаған да дұрыс қой!Қызғаныш-махаббат күзетшісі емес пе?
+5 дауыс
Сен өте сымбатты екенсің сондықтан қызғанатын шығар.
Рахмет:)
Шынымен де сүйкімді екенсің(giggle)
Сонда қызбасын деп маска киіп жүрейін)))))))))))))))))
Маска кимей-ақ қойыңыз..!! Мына жерде қыздарға арналғанымен, жігіттердің оқуына да болады.)
Тек алдын ала сақтық шаралары..
https://surak.baribar.kz/112956?start=10#a_list_title
Бұл жазғанның бәрі жігіттерін қалай алдау жолдары екен. ол керек емес маган. қызымды алдағым келсе ешкімнен сұрамай ақ алдар едім
білмедім, патша көңіліңіз білсін...қызыңызды өзіңізден артық бұл жерде ешкім біле бермейді, сондықтан жан досынан сұрап көрсеңіз болар еді..
мен үшін, көңіл, уақыт бөліп. ойыңызды білдіргеніңізге алғыс білдіремін)
+1 дауыс
Махаббат тұрады екен қызғаныштан,
Қызганыштан екi жас құздан ұшкан.
Сенде аштың есiгiн махаббаттың
Сүйсең жаным аулақ бол ҚЫЗҒАНЫШТАН,- деп айтып көрiңiз)
Көмектеспей жатыр ғой
бәлкім кызганшактыгынды коймасан журмей калам деп коркытып кор бірак ағатай баска амал калмаган кезе,әйтпесе одан мәнгі айрылып каларсын
...