Менің қызым мені көрінген нәрсеге қызғанады. Бас кезінде шыдап жургенмін, енді бір ауруға айналған сияктымын. Қанша қызғандырмайын деп әрекет жасап жүрсем де, бір болмашы нәрсеге қызғанып, менімен сөйлеспей, ренжіп жүреді. Өзімнің мирымды да, басқаларға қызғанбасын деп, өшіріп тастадым. Тіпті кейде агентпен сөйлесіп отырып, ұйықтап қалсам, „кіммен сөйлесіп маған жаза алмай отырсың?„ деп ренжиді, маған сенбей... (Жұмыстан кейін, кейде сөйлесіп отырып ұйықтап қаламын:) )
Не амал қолдансам болады? Осы қызға уйленсем деп жүрмін, тек ертен уйленгесін бұдан жаман болады деп ойлап отырмын.