0 дауыс
721 көрілді

Реконкистаның  басы  болған  оқиға ?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
0 дауыс

Арабтардың, олар әкелген озық ислам дінінің табыстары католик шіркеуіне көзге шыққан сүйелдей көрінді. Сондықтан да бұл шіркеу иелері жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салып отырды. Бұл арабтарға қарсы күрес реконкиста деп аталды. Ол «қайтарып алу» дегенді білдіретін. Реконкистаның орталығы түбектің солтүстігіндегі христиандык Астурия, Галисия және Баскония иеліктері, сондай-ақ шығыстағы Испан маркасы болды. Реконкистаның барысында Пиреней түбегінің солтүстігінде Кастилия және Арагон, ПиренейдеНаварра корольдіктері құрылды. Түбектің батысында Кастилиядан Португалия корольдігі бөлініп шықты. 1030 жылы Кордова халифаты бірнеше ұсақ тәуелсіз кінәздіктер мен әмірліктерге бөлініп кетті.

1085 жылы Леон мен Кастилияның королі VI Альфонс әскері Толедоны басып алды. Заллактағы шайқаста біріккен мұсылман әскері христиан жасақтарын талқандады. Арабтардың бұл жеңісі реконкистаны біраз уакытқа тоқтатты.

Алайда арабтар арасындағы алауыздық пен бытыраңқылық 1212 жылы олардың испандық-христиандық мемлекеттерден жеңілуіне әкеп соктырды. Арабтардың осы жеңілісінен кейін реконкиста қайта күшіне енді. Арабтар Пиренейдің қиыр оңтүстігіндегі Гранада әмірлігін ғана иемденіп қалды.

...