+2 дауыс
5.6k көрілді
Қазақтың "бүлінгеннен бүлдіргі алма" мақалындағы  "бүлдіргі" дегені не?
Қайда қолданылатын зат?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез келген бүлінген (бүлінген- қираған,бұзылған,құртылған деген сөздің синонимі, ал, бүлдіргі- бүлдіргіш,қиратқыш,бұзғыш, құртқыш деген сөздің синонимі) нәрселер шайтанның азғыруымен болары анық.Сондықтан бүлінгеннен бүлдірі алмаған жөн,алған жағдайда көңіліңе кірбің орнап,уайымдап, мазасызданып жүресің,турасын айтсам өзіңді жайсыз сезініп,шаршап жүресің.Мысалы: апатқа ұшыраған машинаның жарамды бөлшектерін,кейбір заттарын ешкім алмайды ғой.Ең дұрысы бүлінген заттарды қолданбай, ары қарай лақтырып жіберу керек . Керек болса, үйіңде сынған ыдыстарды да ұстауға болмайды.
+6 дауыс
Бүлдіргі қамшының сабына тағылатын бау, көбіне теріден жасалады.
"Бүлінгеннен бүлдірге алма" дейтін мақалдың мағынасы: Бүлінген адамнан, арам байлықпен байыған адамнан еш нәрсе сұрама, жолдас болма деген мағынада
Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романынан үзінді: *"...........Қожықтың жазғы жайлау, қысқы қыстауларын «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген әз Тәукенің жосық-жоралғысы бойынша қысқы, жазғы үйлерін бар мүлкімен түгел өртеп жіберді. «Бүлдіргі» қамшының сабына тағылатын екі сүйем қайыс қой. Керей –Уақ жігіттері Қожықтың байлығына қолын арамдаған жоқ...........*
Менің поштама басқаша жауап келді.
Сосын, сұрақты мен беремін, "жақсы жауапты" сен белгілейсің бе, түсінбедім?!
Поштаңа басқа жауап келгені бірінші жауабы жазған кезде автоматты барады. Сосын жауапты өзі өңдеген екен. Яғни өңделгені туралы ақпарат бармайды.
Екінші бөлігі көп қолданушы сұраққа нақты толық жауап алынған соң жақсы жауапты таңдамай кетеді. Мен оқып қалып жауап ұнағандықтан Жақсы жауапты таңдай кеткен едім. Айыпқа бұйырмассың!
Мен тек жауап бердім де қойдым, жақсы жауап белгілеуге менің құқым жоқ, мен де өзіңіз сияқты қарапайым қолданушымын, Жауапты өңдегенім рас, Ғ.Мүсіреповтың сөзін нақты дәлел болсын деп қосқаным ғой.
Жауабыңа қанағаттандым, сосын "бүлдіргі" деп айтылады да жазылады да. "Жақсы жауап" белгіленіп тұрғасын сұрағаным, оны Админ белгілеген екен. Рақмет!
+4 дауыс
Мен vvvwww айтқан "бүлдіргі" сөзінің анықтамасымен келісемін,бірақ мақалда айтылған бүлдіргі сөзі басқа мағанада қолданылған-ау деген ойымды айтқым келеді.
-"Бүлінгеннен бүлдіргі алма"-деген мақалдағы бүлдіргі сөзі,сенің мына бүлініп жатқан дүниеден алған қандай да бір затың осы дүниенің бүлінуіне себепші,бүлдіргіш нәрсе болып қалуы мүмкін,сені де осындай күйге тусіруі мүмкін содан сақтан деген мағанада болар.Дана ата-бабаларымыз осы бір ауыз сөйлеммен  ақ қиындыққа тап болған адамдарды тонаушылықтан(мородерство) сақтандырған болар деп ойлаймын.
Сенің нұсқаң да ақылға қонымды екен, бірақ қазақтың мақалын Мүсіреповтен асып біле алмаймыз-ау деймін
Мақалды жақсы талдапсың, қазақтың мақал-мәтелдерінің ауқымы кең, түсінігі зор ғой. "Бүлдіргі" деген қарыстай ғана жіп-қайыс. Соны мақалға сыйғызып, жаман әдеттен сақтандырған ғой аталарымыз.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып дегенді ұмытып бара жатырмыз ғой, арасында осылай сұрақ беріп тұрайын дегенім. Жауаптарыңа рақмет бәріңізге!
Сұрақ өте орынды,жақсы берілген,соңғы кездерде жауап жазатын сұрақтар таппай қалдық қой.Өңшең бір шығарма жазып бер,есеп шығарып бер,өзі 5-ші сыныпта оқиды,5 жыл жүрген қызым тастап кетті,не істеймін дейді.Сұрақ деңгейі төмендеп кетті.
Мен бүлдіргінің не екенін өте жақсы білемін,қамшысы білектен түспей тақымын ер қажаған жігіттің бірімін.Мен сұрақты дұрыс ұқсам, бүлдіргі сөзінің  мақал ішіндегі пайдалану мағанасын ашқым келді." Бүлдіргі деген не?" - деген сұрақ болғанда,тура vvvwwwның жазғанындай жауап берер едім.
+6 дауыс
Жамандарға жолама, мысалға: ұрыдан зат алма дегендей ғой. (nod)
+2 дауыс
Салеметсиздер ме? Мен жер учаскесин сатып алмакшымын, бирак маган унаган жер учаскесинин иеси куйеуимен ажыраскандыктан сатпакшы екен. Мен осы жерди алгым келеди бирак ойыма осы Булингеннен булдирги алма макал тусти де ойланып отырмын. Осы макалдын осы жагдайга катысы бар ма? Егер мен осы жерди сатып алсам менин де ажырасып кетуиме себепши болмай ма? Жауаптарынызга рахмет

Ұқсас сұрақтар

...