#Наурыз деген #есим жақсы ма ойларыңызды бөліссеңіз
Бұл мейрам халықты бірлікке, ынтымақтыққа шақырып, барлығының басын қосатын қазақтың киелі мейрамы. Осындай есім қойған соң өз атына лайықты болу қажет. Жақсы есімдердің бірі ғой.
Наурыз деген есім жақсы есім. Көп кездесе бермейтін - ерекше есім. Бірақ жастарға жараспайтын сияқты. Ел мейрамын есімге қою , қасиетті мейрамның есімін адамға қою үлкен сауап іс деп ойлаймын. Жалпы Наурыз есімі жаман емес есім.
Нағыз қазақтың есімі деп айтуға болады.Неге жараспасын жастарға,бәріне жарасады.
Маған ұнады, наурызбай дан көрі
Наурыз деген сирек кездесетін есім, мән-мағынасына қарап, дәл қойылған есім. Наурыз деген группаласым білімді, оқуда озат, тәртібі үлгілі, мінезі көркем жігіт еді.