–1 дауыс
13.0k көрілді

3 жауап

+1 дауыс
/экономиканы экономдау керек/ деп Брежнев ағамыздың айтқанына орай, экономика дегеніміз бұл - экономика
+3 дауыс
Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты объективтіксипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі. Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі, өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз. Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық тандар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қөғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз она да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе; заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме – мұны білу де – экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді. Экономика сіз өмірге келген күннен баста ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетіңіздің шаруашылығын басқару үлкен өнер. Сонымен сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады. Шет елдерде жастар үйленген кезде некелік контракт жасайды. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Ол контрактіде көп мәселе қаралады. Болашағымыз бала десек, сол некелік контрактіде баланың болашағына дейін ойластырылған. Біздің елде бұл жоқ. Яғни ұрпаққа нені қалдырымын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да-экономика.     Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауда ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау – бәрі де экономика. Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика байлыққа, бақытқа, таныштыққа барар жол.
–1 дауыс
Экономика - деген  ғылым. Ғылым болғанда да үлкен ғылым,нарық саясатының ең бір негізгі критерилерінің бірі.
...