+1 дауыс
2.1k көрілді

1. Хайуанаттар бағының директорынан бақта қанша түйе мен түйеқұс бар екенін сұрады.Директор сұраққа былый жауап берді: «Біздегі барлық түйелер мен түйеқұстарды қосып санағанда, 60 көз және 86 аяқ бар.»Хайуанаттар бағында қанша түйе мен түйеқұс бар?

2. *Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
3. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
4. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
5. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
6. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
7. Бір айда 5 жексенбі бола ма?
8. Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
9. Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
10. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
11. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
12. Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
13. Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?

14. Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
15. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
16. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
17. марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
18. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
19. Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
20. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
21. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
22. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

2) 2 сағат ойнады!

3) 40 км

4) 4 минутта

5) екеуі тең

6) алмұрт ауыр

7) Әрине

8)30 км

9)3 қаз ұшып келеді

10) 200кг

11)*

12)Айгүл

13)1 пұт тартады

14) 5 баласы бар

15) Иа,Күндізгі уақыт болады

16) Ең соңғы бала дорбасымен алып кетті

17)

18) Сейсенбі келеді

19)66 жаста

20)12 жұмырқа

21)Жұма

22) 7-8 болу керек

0 дауыс

сұрақтары бір-бірімен ұқсас, кей жауабы сұрағында қоюлы тұр. қажеті не осындай есеп жұмбақтар, логикалық деп кәдімгі логикалық жұмбақ қойған дұрыс қой

–1 дауыс

      no          Маған мұғалім осы сұрақтарды 2 сыныпта логика сабағында қойған

...