"Суйем" деген жалгыз соз
"Суйем" деген жалгыз созде ұлылық
"Суйем" деген жалгыз созде жылылық
"Суйем" деген ғашықтардың сөзінде
Дуниедегі әседік пен сұлулық.
Екі дене өртенеді от болып,
ЕКі дене жанып бітіп шоқ болып.
Екі дене дуылдайды дегбірсіз.
Баска дуние көрінбестен, жоқ болып.
Тыныс бітіп толықсиды, көңіл мас.
Екі дене бір-біріне қорынбас.
Бұлдыраған жаудыр козден тырс етіп
Омырауқа тамып кетер мөлдір жас.
Журек шіркін тулап соғып шарқ ұрар.
Сабыр шіркін шыдап бағып сарқылар.
Со бір сәтте осынау сөз, сырлы сөз
Ыстық деммен қайнап, балқып айтылар.
Сол үшінде осынай сөзде ұлылық
Сол үшінде осынау сөзде жылалық
"Суйем" деген ғашықтардың сөзінде
Дуниедегі әсемдік пен сұлулық
Сүю деген ...
Сүю деген қуану мен күрсіну,
Сүю деген көз жасына тұншығу.
Сүю – сені байқамайтын бір жігіт,
Сүю – сені елемейтін бір сұлу.
Сүю деген көңіліңнің күлкісі,
Сүю деген жігер оты, жыр күші.
Сүю – саған табынатын бір адам,
Сүю – сені ұнататын бір кісі.
Сүю деген шығу қиын биік тау,
Сүю деген көп ойларды тұйықтау.
Сүю деген ұйықтап жатып ояну,
Сүю деген ояу жүріп ұйықтау.
Сүю деген ұнату мен жирену,
Сүю деген сараңнан да сый көру.
Сүю деген білгеніңді ұмыту,
Сүю деген жұрт білместі үйрену.
Сүю деген сәл көрмесең сағыну,
Сүю деген табынбасқа табыну.
Сүю деген мойындамау сананы,
Сүю деген ессіздікке бағыну.
Сүю деген сезінбесті сезіну,
Сүю кенет бір ғажапқа кезігу.
Сүю деген армандаумен ояну,
Сүю деген қиялдаумен көз ілу.
Сүю деген тасып толу тағы да,
Сүю деген асық болу сағына.
Сүю – көну өз еркіңмен азапқа,
Сүю – міну тауқіметтің тағына.
Сүю деген айтып жүрген ән-жырың,
Сүю деген жел, қар, дауыл, жаңбырың
Сүю – сенің әр мезетің, әр сәтің,
Сүю – сенің бүкіл өмір, тағдырың ...
Еркін Дүйсенбаев