Кіші дәретке жиі бара беру қандай ауру түрі? Емделу жолдары?
Кіші дәреттің жиі болуының себептері көп: цистит, нефрит, нефроз, пиелонефрит, простатит және тағы басқалары. Дәрігерге көрініп, диагнозын анықтап, ем курсын алу керек.
адамға суық тигенде де солай болады. негізі өзіңді күтіп, жылырақ киінген жөн
міндетті түрде аты жаман аурулармен ауырғанда ғана кіші дәретке жиі отырмайды, қарапайым сұйықтықты көп ішкенде де болады, суықтанғанда да, ал кіші дәретке отырғанда ауырсынып шығуы, түсінін өзгеруінде тексерілу міндетті.
Міндетті түрде дәрігер қарауына бару керек, ағзада инсулин жетіспеушілігі болғанда да осындай белгі болады, ал оның алдын алмаса өте қауіпті ауру қант диабетіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Дәрігерге көрін асқынып кетпей тұрғанда,арты жаман болады!
Егер де қуық аймағындағы ауырсыну және кіші дәретке отырғанда ашып ауырсынумен бірге байқалса , цистит ауруы. ФУРАГИН және КАНЕФРОН таблеткаларын жасыңа сай қолдансаң болады