+1 дауыс
428 көрілді
Наурыз мейрамында Қазақстан арнасы арқылы бауырлас елдермен құтықтаулар айтылғаны есіме түсіп отыр. Тікелей телекөпір форматы қай жылы пайда болды? Кім ойлап тапты?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Осыдан жиырма бес жыл бұрын, 1982 жылғы 1 қыркүйекте калифор­ния­лық Сан-Бер­нардино қаласында рок-фести­валь өткен бо­латын. Осы шара­ның ұйым­дастырушыла­рының бірі, Apple компа­ния­сының жетекшісі Стив Воз­няк көрер­мендердің санын арттыр­ғысы ке­леді. Сон­дықтан ол көлемі үш қабатты үйдей бола­тын телеэкран қою­ды ұсы­нады. Сол экранға шалғайдағы адамдар қосылып, олардың пікір­лері тыңдалады. Осы ал­ғашқы телекөпірден-ақ адамдар осы форматта шара өткізуді жиілете бастайды. Көп ұзамай Стив Возняк дәл осындай тәсілмен Америка және КСРО жастарының ара­сында сұхбат ұйым­дастыруды жос­пар­лайды. Кеңес адам­дары бұл шараға үш күн ішінде дайын болады. Осылайша дәл 1982 жылы әл­ем­дегі қос алып елдің арасында теле­көпір өт­кізіледі. Қазір бұл форматтағы жиын әлем ел­дерінің көпші­лігінде, түрлі бағыттарда қолда­нылады.

...