Осыдан жиырма бес жыл бұрын, 1982 жылғы 1 қыркүйекте калифорниялық Сан-Бернардино қаласында рок-фестиваль өткен болатын. Осы шараның ұйымдастырушыларының бірі, Apple компаниясының жетекшісі Стив Возняк көрермендердің санын арттырғысы келеді. Сондықтан ол көлемі үш қабатты үйдей болатын телеэкран қоюды ұсынады. Сол экранға шалғайдағы адамдар қосылып, олардың пікірлері тыңдалады. Осы алғашқы телекөпірден-ақ адамдар осы форматта шара өткізуді жиілете бастайды. Көп ұзамай Стив Возняк дәл осындай тәсілмен Америка және КСРО жастарының арасында сұхбат ұйымдастыруды жоспарлайды. Кеңес адамдары бұл шараға үш күн ішінде дайын болады. Осылайша дәл 1982 жылы әлемдегі қос алып елдің арасында телекөпір өткізіледі. Қазір бұл форматтағы жиын әлем елдерінің көпшілігінде, түрлі бағыттарда қолданылады.