+1 дауыс
2.0k көрілді

Диета ұстап жүргеніме 13 күн болды. Бірақ 3-4 күннен кейін бетіме безеуге ұқсайтын бөртпелер шығып кетті, аздап қышытады. Әсіресе ернімнің төменгі және жоғары бөлігіне қаптап кетті. Бетіме мед.маска киіп жүрмін. Бұл диета ұстағаннан ба әлде басқа себептерден бе түсінбедім, дәрігерге көрінбедім.

Диетадағы қолданып жүрген тағамдарым:

1. Қайнаған күріш (аздап тұз саламын)

2. Гречка(суда бұқтырылған)

3. Айран(Фудмастер\майлылығы 1%)

4. Қара шәй, малинаның вареньесі, кейде аздап шекер

5. Көк алма, банан, мандарин, сәбіз

6. Банкадағы майсыз салаттар

7. Сорпа (құрамында: "пияз, сәбіз, чеснок, гречка, күріш, тұз, дәмдеуіштер")

8. Кейде аздап напитоктар ішемін( Кола, Визит-Легенда, МаксиЧай)

Диетаны тоқтатқаным жөн бе? Әлде бетімдегі бөртпелерге арналған дәрі-дәрмек қолданайын ба? Бар ойларыңызды, ақыл-кеңестеріңізді берсеңіздер! Менің бетімдегі бөртпелерге ұқсайтын бір суретті тіркедім(сәбидің суреті). Алдын-ала рахмет!

 

3 жауап

+1 дауыс

Негізі диетадан бетке бөртпелер шықпайды, сенің ағзаңа жақпайтын бір нәрсе жеген шығарсың.

0 дауыс

Диетаңыз жақсы екен, бірақ газдалған сусындар ішпей-ақ қойыңыз!  Сосын мынаны (Берёзовый отвар

Берёзовые почки (чайную ложку) залить кипятком (стаканом), прокипятить 10 минут, настоять минут 20, процедить. Смачивать в тёплом отваре марлю, сложенную в несколько слоёв, и накладывать на высыпания минут на 10. По мере высыхания или остывания марли её нужно менять. ) жасап көріңіз, нәтиже болады, бетіңіз тазарады. Аудармадым, ренжімеңіз, асығып отырып, қоя салғаным ғо.

0 дауыс

№ 6, 7, 8 тағамдарды пайдаланудың қажеті жоқ. Олар диеталық тағамдарға жатпайды. Ал егер бауыр, ас қорыту системаларының ауруларына байланысты саған дәрігер диета тағайындамаса, онда диета ұстаудың тіпті де қажеті жоқ. Денсаулығыңды құртып аласың.

...