Білім сапасын көтеру, мұғалімдерге байланысты. Қарапайым мектептердің мұғалімдері, сабақ уақытында сыныптан шығып кетеді, телефонмен сөйлесіп отырады н/е оқушылармен өсектесіп отырады т/б. Ал, гимназия сияқты мектептердің мұғалімдері тек қана сабақ үйретеді. Басты артықшылығы, оқушыларды сабақ оқуға ынталандырады. Қарапайым мектепте керісінше, сабақ үйретпей, "үйлеріңде кітаптан көшіріп конспект жазып келіңдер" деп айтады. Гимназия мен қарапайым мектептердің білімдерінде өте үлкен айырмашылық бар. Білімді көтеру мұғалімдерге байланысты. Мұғалім жаман оқитын оқушыны - жақсы оқитын оқушыға айналдыруы мүмкін. Жақсы оқитынды - жаман оқитын қылуы мүмкін. Мұғалімдер сапасыз болса - мектеп білімі де сапасыз, нашар болады.