Мақал - Мәтел жинағы
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Өз елім, өлең төсегім.
Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
Ырыс алды ынтымақ.
Бірлік болмай тірлік болмас.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тірлік, тірлік түбі бірлік.
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
Екі құзгын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
Саусақ бірікпей,
Ійне ілікпейді.
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.
Байлық байлық емес, бірлік байлық.
Інтымақсыз елді
Ұрысы билейді.
Інтымақты елді
Дұрысы билейді.
Бір кісінікі макұл,
Екі кісінікі ақыл.
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Кол сынса, жең ішінде.
Алтын деген жер сыйы,
Алғыс деген ел сыйы.
Көңілің тартпаған іске қол ұрма.
Ер тарықпай, молықпайды.
Ер сүрінбей, ел танымас.
Ат сүрінбей, жер танымас.
Малы жоқ деп
Ерден түңілме.
Егіні жоқ деп
Жерден түңілме.
Ер үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
Оқ жетпес жерге кылыш суырма.
Ер қартайса, қазаншыл болады,
Бұркіт қартайса, тышқаншыл болады.