0 дауыс
683 көрілді

Саламатсыздарма кояр сурағым сіңлім 2012ж қыркүйектин 3нде бала бақшаға жұмысқа кірді. содан 2013 жылдын наурыздын 15нде  декретке шықты. содан кейн 4 ай больнычныйдан шығып мекемесіне барып еңбек демалысы мен оздоровительный га арыз жазса саған тимейди депти. 11 ай жасаған жоқсын депти. сны билип берсениздер екен және биыл барып ала алама арыз жазса? ал баска мекемеде приказбен 4 ай жасаған адамгада отпускной тиып жатырғо

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 Еңбек кодексінің 104-бабының 3 тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажын есептеу кезінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына: қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;

Яғни, сіз жүктілік пен босануына (босанудан кейінгі емес) орай демалыста болған уақытты қоса аласыз. 

Қалай болғанда да 105 бап бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берілуі мүмкін, демек оның 11 айға толуы, толмауы еш міндетті емес. 

Ал сауықтыру ақысына келсе ол күнтізбелік жылда, жыл сайынғы демалыспен бірге, оның бөлінуіне қарамастан толықтай төленеді. Ол жайлы министрліктің ресми түсініктемесін қараңыз.

 

0 дауыс
Салеметсиздерме! менин кояр сурагым;Мен кыркуйек айынан бастап мектепке жумыска орналасып едим енди 8 ай жумыс жасаганнан кейин декреттик демалыска шыгайын деп отырмын, маган отпускной тиеме тимейме соны билгим келеди. Алдын ала рахмет!!!

Ұқсас сұрақтар

...