+1 дауыс
400 көрілді

Алматы қаласының тұрғындары Түрксіб ауданы прокуратурасымен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында болды ма? Сол туралы ақпарат керек.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

2014 жыл 20 ақпан күні Алматы қаласының тұрғындары Түрксіб ауданы прокуратурасымен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында болды.

Қабылдау барысында қажетті сұрақтар бойынша қала тұрғындарына кеңес беріліп, олардың бұзылған құқықтары жөнінде ауызша және жазбаша түрде өтініштері қабылданды.

Аудан прокуроры Атжанов Тимур көпшілікке Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі бағыттарына түсініктеме берді.

Осы жиында сондай-ақ, аудан прокуратурасының қадағалау қызметінің өткен жылғы қорытындысы сөз болды.

Дәлірек айтқанда, Елбасының және Бас Прокуратура басшылығының алға қойған міндеттерін орындау аясында, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар, мемлекет мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылды.

Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша 4762 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне қарсылық білдіріп, 16 заңсыз шығарылған актілер (14- жергілікті атқарушы органдардың өкімі) өзгертіліп, өкілетті органдардың 127 әкімшілік қаулысы заңға сәйкес келтірілді.

Заңбұзушылықтарды жою мақсатында,  прокуратурамен 74 ұсыныстар енгізіліп, 24 алдын-ала ескерту жарияланды. Сотпен мүліктік емес сипаттағы 5 өтініш және материалдық нұқсанды өндіріп алу туралы 4 талап орындалды. Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушылардан 5,5 млн теңгеден астам сома мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар өндірілді.

Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдардың 139 қызметкері тартылса, әкімшілік жауапкершілікке 137 тұлға тартылды. Аудан прокуратурасымен қозғалған 6 қылмыстық іс бойынша, айыптау үкімдері шығарылды.

Аудан прокуратурасымен жүргізілген тиісті шаралардың арқасында  кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға деген сенімі арта түсті (мобилдік топтар телефонына түсетін өтініштер санының өсуі соның дәлелі іспеттес). Жедел топтармен әрбір кәсіпкердің заңбұзушылықтар жөніндегі дабылдарына тез  арада қажетті тексерулер жүргізіліп, заңсыздықтардың жолы тиылуда.

Сотпен кейін бюджетке өндіріп алу мақсатында, айналымы 20 млрд. теңгеден асатын 7 жалған кәсіпкерлерді тіркеуін жарамсыз деп тану туралы прокурор талабы орындалды.

Жасөспірімдердің құқықтарын қорғауды реттейтін заңнама талаптарын қадағалау барысында көптеген құқықбұзушылқтар анықталып,  5000 баланың конституциялық құқығы қорғалды, заңсыздыққа жол берген 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокурорлық шаралардың нәтижесінде аудан мектептеріндегі 4738 балаға инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы вакциналау қамтамасыз етілді.

2013 жылы ауданда тіркелген  қылмыстың  саны 5409 дан  5433 ке (2012 жыл) дейін өскендігі байқалды. Онымен қоса, ауыр және өте ауыр қылмыстардың ашылуы өсіп отыр. Мәселен, 15 адам өлтіру фактісі тіркелген болса, оның 14 ашылған.

Есірткі заттарының заңсыз айналымы мен күрес бойынша прокурорлық қадағалаудың күшеюі және құқыққорғау органдарымен, бөлімшелері қызметінің жандануы тіркелген қылмыс санының 61-ге дейін  азаюына септігін тигізді.

Аудан прокуратурасымен сотқа 335 қылмыстық іс жолданды. Қадағалау барысында есепке алынбаған 27 қылмыс анықталып, олар бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа 13 іс жіберілді.

Түрксіб ауданы ІІБ-ң қызметтік бөлімшелерін тексеру барысында 40 тұлғалардың заңсыз ұсталып отырғандары анқыталды. Құқыққорғау органдарының 28 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқасымен 12 тұлғаға қатысты прокурордың 5 аппеляциялық арызы қаралып, орындалды.

Сот актілерін орындауды қадағалау барысында прокурорлық ескерту шараларымен 42 млн теңгеден астам соманы (мемлекеттік бюдджетке) өндіру бойынша сот актілерін орындау қамтамасыз етілді.

...