+2 дауыс
13.6k көрілді
Қыздарым бала бақшаға барады 2 жас жане 4 жас соған наурыз мерекесіне арналған бір шумақ тақпақ керек еді?
Көктем неге өкпелі?

Мына жылдың көктемі
Айтшы неге өкпелі?
Құшақ жайған кеудемнен
Өтіп кетті өкпегі.

Мұнар сәлде асудың
Мұрты сүңгі, ашулы;
Ала тонға басулы
Бәйшешектер шашуы.

Жамылғысы – мұздағы,
Көктем әлі ызғарлы.
Желбіреп бір шыға алмай
Мысы кетті қыздардың.

Мұңлықтардың сырласы,
Махаббаттың құрдасы
Қайың неге бас шайқап
Тақпай жатыр сырғасын?

Көктемеде қауышып,
Әнге бөлер тау ішін
Естілмейді достардың
Көптен бері дауысы.

Еске түссе өткенім,
Сезімдердің өткелі-
Жайма шуақ келетін
Бұрынғының көктемі.

Өзденбаев Жанбай Шүйіншәліұлы

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.

Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр.

Жер үсті жасарады, жаңғырады.
Бар аймақ аңсай күткен сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән құлады.

Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.

Наурыздың жанға жайлы самалы есіп,
Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп.
Дәстүрін жалғастырып бабаладың,
Кеңейді жан сарайы, сана өсіп.

Көксеген қасиетті іңкәларын,
Ардақтап асқақ ұстап жұрт арманын,
Ұлтымның қанға сіңген мұңын емдеп,
Наурыз деп байтақ елде шырқалды әнім.

Кең жайып қазақы үйдің керегесін,
Көрсетіп қадір-қасиет негесін,
Мерейі қазағмның өсе берсін,
Көгертіп мәңгі бақи көсегесін.

Наурызда жарқылдаған жасын от бар,
Адамдар құлай сүйген қасиет бар.
Ұлтымның дәстүрсалтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар.

Тасты еміп, қайнап жатқан бұлағы бал,
наурыздың құшағында шуағы бар.
Сән беріп шаттығым ақ шұғыла,
Мерейін елдің асқақ куә қылар.

Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын, туған елім!

0 дауыс
Көктем
Көктем келді, қарашы
Дала қандай тамаша.
Ағаш, гүлдер бүршік жарып
Келеді бізді қуантып.
Кең өріске озып-ақ
Нұр шұғыла тарайды
Тоңбасын деп қозы-лақ,
Күн күлімдеп қарайды.
...