+3 дауыс
748 көрілді

10 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ешкімге де сырымды айтпаймын, сыр сақтайтын адамдар барғо, бірақ өзім бәрін ішімде сақтағанды құп санаймын!
+5 дауыс
Бұрын мамама айтатынмын, қазір ешкімге де айтпаймын) Дос қыздарға ештеме айтпау керегін мектептен білемін, елге таратады)))
Ауыз шіркін, жыбырламай тұра ма дейсіз ғой...
+3 дауыс
Дос қызыма айтамын, ол екеуіміз бірде дос, бірде қас болған кезіміз де болды. Ал қазір татумыз, бірақ ешқашан бір-біріміздің сырымызды айтқан емеспіз. Ішімді айтылмаған жасырын сыр жоқ.
+5 дауыс
Мен достарыммен  сырласамын, сырымды  іште  сақтай  алмаймын. Олар сенімді  ақтайды деп ойлаймын...
Мен де сырымды іште сақтай алмаймын, өмірді ойы мен қырын көрдік, бірақ сол қасиетімнен таяқ жегем жоқ.
Сірә,кімге сыр айтуды білетін болармын.
+4 дауыс
"Досыңа бар сырыңды ақтарудан сақтан, күндердің күнінде ол сенің қас дұшпаныңа айналуы мүмкін" деген өсиет бар. Бабыр ма, Сараий ма, есімде жоқ кім екені. Сырымды сеніп айтатын адамдарым - достарым, туыстарым бар. Бірақ, жүрек түкпірімдегі айтылмаған сырлар да жоқ емес. Өйткені, олардың өзгенің жадында жүргенін қаламақ түгілі, өзім жылдамырақ  ұмытқым келеді.
+5 дауыс
Мәселен ол қандай сыр?
...қызыма байланысты болса апшеме0 не болмаса қарындасыма айтам. Қыздар бір бірін түсінеді ғой. Ал егер дос балдарым жайлы болса, онда білмеймін. Дос балдарым жайлы  сыр ашқан емеспін.
+4 дауыс
Менің сырымды қасымдағылардың барі білетін шығар, көп сыр сақтай алмаймын. Айтып қоя берем, ал біреудің аманатына қиянат жасаудан, яғни сырын біреуге жаюдан аулақпын және айналамдағылар да сондай адамдар альхамдулиллах
+3 дауыс
достарыммен бөлісем! әрине достың да түрлері  көп қой! солардың арасында  сырыңды  айтпасаң да түсінетін достар  болады!   ең жақын деген досыммен немесе  жакыныммен бөлісем!  достарға  айтуға   болмайтын сырлар  да болады! ол кезде  бауырларыма  яки әпкелеріме  айтып бөлісем!  олар білмейтін  де сырлар  болатын  болса,  оны  өз-өзіммен   бөлісіп, айнаға  қарап отырамын!

ал сырымды сеніп айтатын адамдар бар! бірақ  "досына  сырыңды  ашпа,  кейін  сөзге  келіспей  қалып  жатсаң, ол сенің  сөзіңді  өзіңе  қару  қып  жұмсайды"   деген!  сондықтан да  әр  сөзіңді   айтпас бұрын  кімге  айтып  жатқаныңа  назар аударған дұрыс!
+1 дауыс
"Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге жайылар"- деген сөз бар.Ешкімге айтпауға тырысамын,досым да пенде байқамай басқа біреуге айтып қойса достығымызға сына түсер деп қорқамын. Сондықтан да:-"Қоңсыңды ұры тұтпа,өзіңе өзің сақ бол"-деген ұстанымды тұтынамын.
+1 дауыс
Мен танитын адамға ешқашан сырымды айтпаймын. оданда танымайтын агентте отырған адамдарға айтқан жақсы. Ол кезде де қарайсың ғой, қандай адам екеніне.
...