+2 дауыс
29.2k көрілді

Ықылық неге тиетінін білгім келеді ?Өзіңіздің ойыңызша неге тиеді деп ойлайсыз.

10 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Ықылықты тоқтату

Ол үшін мынандай амалдарды жасайды:
Көкеттің құрысып жиырылуынан дем алу күшейіп, ықылық пайда болады. Оның өзіне тән дыбысы бар. Бұл рефлекс асқазан-ішек жолынан газдарды шығаруға тырысады. Ықылық тоя тамақтану, қатты тоңу, алкогольді шамадан тыс мөлшерде қабылдау, жүйкенің шокқа ұрыну салдарынан болады. 

Ықылық ауруға жатпайды, бірақ тоқтаусыз, қайтпайтын ықылық бас миы мен жұлын ауруларының, миокард инфарктінің, жұқпалы аурулардың белгілері болуы мүмкін. Әдетте, ықылық өздігінен тоқтайды. 
Ауру салдарынан пайда болған ықылықта емделу керек. Оны дәрі-дәрмектер арқылы тоқтатады.
Оны тоқтатудың халықтық мынандай әдісі де бар:

Бір түйір мұзды жұтып, бірнеше жұтым сал- қын су ішу керек. Көкет маңайын қолмен қат- тырақ қысыңыз. Қолдың шынашағы мен бас бармағын беттестіре отырып, дем алуды ұза-ғырақ ұстауға тырысыңыз. Екі қолдың басын арт жақта бір-біріне бекітіп, «Г» тәрізді еңкейіңіз де, су ішіңіз. Мұндайда сізге су ішкізу үшін екінші бір адамның жәрдемі қажет.

Тоқтамайтын ықылықта көкет тұсына аз ғана уақыт қыша, немесе суық зат басу керек.

Ықылық созылып кетсе, мойынды киікшөп майымен майлау ләзім. Оны дайындау үшін киікшөптің ұсақ етіп туралған бір уыс шөбін жарты литр зәйтүн майына салып, 8 сағат ұстайды. Содан кейін сүзіп, майын 2-3 тамшыдан мойынға жағып, сылап-сипайды. Емшараны күніне 3 рет жасаған жөн.

 

Саған тоқтату емес қалай тиетінін сұрап тұр емес пе
Белгісіз
+2 дауыс

Адамның көкірек қуысы мен іш қуысын диафрагма (көк ет) бөліп тұрады. Ол екі қуыстың ішкі қысымын реттеп тұрады. Сол диафрагма аяқ астынан спазмалық (еріксіз) жиырылу жасағанда, ықылық пайда болады. Ықылық дене қатты мұздағанда, мас болғанда, асқазан толып кеткенде, қатты қобалжығанда, кейде еш себепсіз пайда болады.

0 дауыс

Бұрын үлкен кісілер Үйден бірдеңе ұрланғансың деп айтушы еді.

0 дауыс

Бірдеңені ұрлап жегенсіз

0 дауыс
Ықылық тиуінің себебі бірнәрсені ұрлағанда тиеді дейді менің ата-анам.Одан құтылу қатты қорқыту қажет
+1 дауыс
Ықылық тиюдің себебі, көп су ішіп қойғанда және көп тамақ жегенде болуы мүмкін. Ал, бірнәрсе ұрлағанда ықылық тиеді деген өтірік.
+1 дауыс

деміңді ешіңе барынша тартып,1-неше минут тұрсаң ықылық өзі кетеді

0 дауыс
Салеметсиздерма менин балам 6 айлыкта туылган нан сойлесе,кулсе ыкылыктап кала береди не себепти жане калай койдырсан болатынын билсениздер жазыныздаршы
консультант аланыз врачтан
0 дауыс

ыкылыкты  токтату ушин ишинизден 3 кыздын атын ойланыз 

0 дауыс
Көкет деген не ол

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 28.11.2011 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+2 дауыс
1 жауап
...