+1 дауыс
870 көрілді

Бір күндік бас пайдасы үшін, бір ғұмырын абақтыда өткізетін жастар неге көбейіп барады? Сондай жандардың көбеюіне кім кінәлі? Ата-ана ма? Қоғам ба? Заң ба? н/е т.б

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жастар арасында қылмыстың көбеюінің бірінші себебі: тәрбиенің жоқтығы. Ата-ана да, қоғам да тек ақша табудың жолында жүр. КСРО кезіндегі октябрят, пионер, комсомол, партия, міндетті әскери қызмет - бәрі де адамды тәрбиелейтін. Қазір оның бірі жоқ. Жастар қоғамдары тек КВН ұйымдастыруды ғана біледі. "Жас Отанның" жастар арасында түк те беделі жоқ. Сосын жастар ойына не келсе соны істеп, ақыры қылмыстық жазаға тартылып кетіп жатыр.

+2 дауыс
Барлығы кінәлі. Қылмыс жасайтын адамдар еріккеннен емес, өзіне ақша табу үшін қылмысқа барады. Қылмысқа итермелейтін нәрсе - тұрмыс жағдайының төмендігі және тәрбиенің жоқтығы. Тұрмыс жағдайы төмен адамдар яғни, кедейлер - көбінесе жан-жағындағы адамдарға қызыға да қызғана да қарайды. Және сол адамдардан қалмай, байлыққа жету үшін ұрлыққа барады. Тәрбиесі әлсіз адамдар білместікпен басқа адамдарға қастандық жасап қояды. Ондай қылмыстар көп айта берсек. Тәрбие басы отбасыдан басталады. Отбасында жақсы тәрбие алған бала ешқашан қылмысқа бармайды.
+2 дауыс

"Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын" деп Абай атамыз айтып кеткен.

+1 дауыс

бәріне жұмыссыздық кінәлі.Бұрын СССРдің кезінде жұмыссыз жүрсе,қамайтын еді немесе,ауылға апарып қой шопанның көмекшісі етіп жұмысқа немесе бригадаларға бөліп жұмысқа орналастыратын еді.Ал қазір ше,қазір тепсе темір үзетін жастардын 70 пайызы жұмыссыз.Жұмыстары болса да тиянақсыз(құрылыс,жеке фирмалар,жалақысын дұрыстап төлемейді).Міне осының салдарынан жұмыссыз жастарға кризис (әлеуметтік пен психологиялық) әсер етеді.Олардың қылмыс жасаудан(адам тонау,ұрлық,зорлау)басқа амалы қалмайды.Я оны зерттейтін бірде бір мемлекеттік ұйымдар жоқ.

0 дауыс

казіргі заманда өмір сүру қиын сондықтан көбісі қылмысқа барат

...