+1 дауыс
2.2k көрілді

Сыбайластық жемқорлықтың пайда болуына кімдер кінәлі? Пара бергендер ма? Әлде алғандар ма? Қалай ойлайсыздар?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

 

Жоқ, ешкімде кінәлі емес, бізде қалыптасқан бюрократиялық жүйе кінәлі. Ол жүйе патшалық Ресейден бастау алған, Кеңес үкіметі кезінде де болды, егемендік алған жылдары тіпті ушығып кетті (ауру батпандап кіріп мысқылдап шығады демекші соңғы кезде кішкене азайып бара жатырған сияқты)

Азайып бара жатырған сияқты болып көрінетін себебі мафияның күшейгені. Параны ақымақ адам алады, білдіртпей жеп қоюдың жолдары көпқо. Сөйтіп мафия болып жей берсек халық білмей қалады. Халыққа білдіртпесек болды ең бастысы. )))
Белгісіз
Ол неден пайда болды? Патшалық Ресейдің зымиян саясатынан, Абайдың "Болыс болдым мінеки" атты өлеңін оқып қараңыз, Оған дейін қазақта пара болып көрмеген (мысалы Билер сотын алып қараңыз, ешкімді, ешқашан сайламайды, егер би әділ үкім шығармаса, оған ешкім бармайтын болған)
Дұрыс айтасыз.
Белгісіз
+1 дауыс
Пара алатын адамдар кінәлі. Себебі, пара беріп жатқан кезде қарсылық көрсету керек. Полицияға айтуы керек. Бірақ, олар ақшаны көрген кезінде көздері жанып, қуана-қуана алады. Пара берушініде кінәсіз дей алмаймыз. Бірақ, ол параны өзін қорғау үшін, қылмысын жасыру үшін береді көбінесе. Параны бай да, кедей де бере алады. Ал, оны алмай, тиісті орындарға хабарлау кез-келген адамның қолынан келе бермейді.
+1 дауыс

Пара беріп жүрген өзіміз кінәліміз. Жүру ережесін бұзамыз да, МАИ қызметкеріне ақша беріп құтыламыз. Қылмыс істеп, артынан ұсталған кезде полиция мен сотқа пара береміз. Жер не тұрғын үй алу үшін әкімдерге пара береміз. Кішкентай баланы тыныш отырсын деп шоколад, балмұздақ береміз, ол да пара. Қыздарға гүл, сыйлық, телефонына бірлік алып береміз, ол да пара. Сондықтан, бәріміз де кінәліміз, жолдастар.

Пара беретін адамдар кінәсіз дей алмаймын, бірақ, көп кінә пара алушыларда. Олар параны алудан бас тартса, ешқандай жемқорлық болмайтын еді.
0 дауыс
Дер кезінде тазартып, көзін жойып отырмаса, тамырыңды жалмайтын, ең алып структураның өзін құртып, түбіне жететін жемқорлық бұл. Сондықтан мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жарияланған. 
...