0 дауыс
25.1k көрілді
Куз туралы олен болса жазыныздаршы

2 жауап

+1 дауыс
Бар бояуы мезгілдің қаныққанда,
Табиғатты өзіңдей жан ұққанба?
Дір-дір етіп қалтырап, жапырақта,
Қамыққанда, әр күні жарық таңда.
Сарғыш түске боялып, атырап бар.
Сытырлайды сыр тартып, жапырақтар.
Таңғажайып табиғат алмасуын,
Суретшінің көзімен бақылап қал.
Қарашы, күрең қабақ күзге мынау,
Қынадай қалындапты түзде мынау.
Боз бұта, қызыл қурай сылдыр қағып,
Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау.
Қапталған қалың көштей қара ала бұлт,
Шығысқа жер бауырлап, барады ауып.
Қайтарда мұңлы шыққан қаз қанқылы,
Құлақта ғұмыр бойы қалары анық.
Тапжылмай төңірекке қарадым мен.
Селдір бақ сыбдырлайды  баяу үнмен.
Сары ала қазыдай боп жатқан күзді.
Басуға батпай тұрмын аяғыммен.
0 дауыс
Күз де міне

Жаздың үміт үзгені ме-
Келіп қапты күз де міне.
Моншағын жаз қиып- қиып,
Ілді қаздың тізбегіне.

Кеткен жаздың жырлап әнін
Ұшты сыңсып тырналары.
Сері дәурен өтті- кетті
Шешті қайың сырғаларын.

Білсе де жаз ораларын
Сәмбі мүңды одан әрі.
Аспан тынып жылай берді
Тұмшалап бұлт орамалын.

Авторы: Жанбай Өзденбаев
...