0 дауыс
468 көрілді

Қазақстан қытай тас жолы 2015 алматы облысындағы бағыты қандай?

2 жауап

0 дауыс

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық тас жолының Қазақстанға тиесілі бөлігі 2452 шақырымды құрайды (Қытай Халық Республикасының шекарасынан Қызылорда қаласына дейінгі I санаттағы қашықтық 1391 шақырым, ал, Қызылорда қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі II санаттағы бөлігі 1061 шақырымды құрайды екен). Жобаның жалпы құны 825 млрд. теңге. Биыл "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық тас жолының 700 шақырымын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Дәл қазір оның төрт облысқа (Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша) тиесілі бөлігінде 34 учаскеде жұмыс жүргізіліп жатыр. Салынып жатқан жол құрылысы 1621 шақырымды құрайды. Құрылысқа 21 бас мердігер, 66 қосалқы мердігер ұйым тартылған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 35 мың адам және 4,5 мың техника жұмылдырылған. Тоғыз ай ішінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің 388 шақырымы үлкен қиыршық тастар қосылған асфальт-бетонмен қапталған, ал 215 шақырым цемент-бетонмен қапталған. Бұл жоба 2015 жылы толықтай аяқталып, пайдалануға берілгелі отыр. 

0 дауыс

...