+1 дауыс
2.4k көрілді

"Тіл туралы" немесе "Ана тілі туралы" өлең тауып беріңіздерші?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ана тілім 
Ана тілім, 
Жүрегісің анамның. 
Жүрек-ана, 
Мен өзіңнен жаралдым. 
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз мынау керегі не ғаламның! 
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, 
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
Ел бетіне қалай түзу қараймын, 
Ана тілім, 
Егер сені білмесем. 
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, 
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. 
Туған анамды ұмытқаным емес пе, 
Туған тілім, 
Егер сені ұмытсам. 
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем, 
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен! 
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ, 
Ана тілім, 
Арыңа дақ түсірсем. 
Ағытатын тасқын ойдың тиегін, 
Өзің ғана сыйынатын киелім! 
Ризамын отқа жанып сен үшін, 
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім. 
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, 
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? 
Сенсің менің қуанышым, шаттығым, 
Сенсің менің тазалығым, пәктігім. 
Ана тілім, 
Алтын ұям, құндағым, 
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. 
Сенің жырың, сенің әнің айтарым, 
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

https://surak.baribar.kz/33822/

Осы сайттардан таба аласыз:

http://www.kuttybolsyn.kz/914-ana-tl-turaly-leder-tapatar.html

http://www.balakai.kz/publ/le_der_ta_pa_tar/til_turaly/ana_tilim/22-1-0-467

0 дауыс

~~Ана тілім -
Бала шағым, өркенім,
Ана тілім -
Болашағым, ертеңім.
Ана тілім -
Сайын далам, жер-көгім,
Ана тілім -
Арман-ойым, өрнегім,
Ана тілім -
Шың, асқарым, өр көгім.
Ана тілім -
Жыр-дастаным, ертегім,
Ана тілім -
Үйім алып, еркемін.
Ана тілмен
Халық күйін шертемін.
Ана тілім -
Пәк сезімді жан сырым,
Ана тілім -
Лебіз демі бал-шырын.
Ана тілмен
Нұрланады маң, қырым.
Ана тілмен
Жырланады бар жырым.
 

0 дауыс

 

 

Ана тілім Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай түзу қараймын, Ана тілім, Егер сені білмесем. Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. Туған анамды ұмытқаным емес пе, Туған тілім, Егер сені ұмытсам. Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем, Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен! Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ, Ана тілім, Арыңа дақ түсірсем. Ағытатын тасқын ойдың тиегін, Өзің ғана сыйынатын киелім! Ризамын отқа жанып сен үшін, Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім. Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? Сенсің менің қуанышым, шаттығым, Сенсің менің тазалығым, пәктігім. Ана тілім, Алтын ұям, құндағым, Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. Сенің жырың, сенің әнің айтарым, Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

 Туған тілім - ана тілім Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім. Туған тілім-далам тілі-өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

 

0 дауыс
Ана тілі Авторы - Р.Ғамзатов осы өлең керек еді.
...