Сыйлағанның құлымын дейді ғой. Меніңше жеткілікті дәрежеде сыйлай білсең адам көңілінен шығасың.
Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз:
1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден басталады. Бұл әр адамға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір ара қашықтықта ұстағаның жөн.
3. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам – сенімді адам және ол қасиеті аян болса шала таныс адамдар да Сізді жауапты, шынайы деп суреттейтін болады. Сыртыңыздан айтылған жақсы сөз Сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, ешуақытта түсірмейді.
5. Сөзің де, өзің де сыпайы болсын. Біреуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс. Киімге де жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті және жарасымды киін.
7. Қай кезде сөйлеу орынды екенін біл, басқаларды мұқият тыңдауға тырысып, олардан (не екенін айтпасаң да) әлдене үйренгеніңді білдір. Бәріне мүмкіндігінше қайырымды бол.
8. Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең сөз берме. Қай кезде де сөзіңе сәйкес әрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мойындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілділікпен алға қарай баса бер.