+1 дауыс
449 көрілді
Мұндай да болады!!! XX ғасыр - жаңалықтар ғасыры болғаны белгілі. Сонымен қатар мыңдаған тосын оқиғаларға да халық куә болды. Бүгін 100 жылда болған бірқатар тосын жағдайларды назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. 1901 жыл. Арғы тегі индеец-балгер Джон Раннинг 1969 жылы америкалық ғарышкерлердің Айға қонатындығын күні бұрын айтқан. Ол Гитлердің құлайтынын, Кеннедидің өлетінін, КСРО-ның тарайтындығын дәл айтқан. 1911 жыл. Англия, Бредфорд, Йорк-шир. 23 ақпан күні таңертең мектеп ауласында тоғыз жастағы қызды белгісіз бір күш 6 метр биіктікке көтерген. Бірақ қыз жерге құлап түсіп, көз жұмған. 1935 жыл. Америкалық Гертруда Смит (Пенсильвания) қорасындағы тауықтардың жұмыртқасын бояуды ойлап, басы қатады. Ақыры жұмыртқаға сурет салу етек алады. 1938 жыл. Жапония. Хоккайдо. Шіркеу ішіне қойылған ағаш қуыршақтың басына иесі өлген соң шаш шығады. Жұрттың айтуынша, қуыршақ шашымен әлі күнге тұрған көрінеді. Швеция, Лапландия. Шілде айында аспанда бірнеше отты шар пайда болады. Ол бір адамды өлтіріп, бірнеше кісі жарақаттанады. Ұшатын табақшалар қайта әуеге көтеріліпр, көзден ғайып болған. 1945 жыл. АҚШ, Питсбург. 6 тамызда Хиросимаған бомба түскен күні Аллан Деметриустың иелігіндегі 100 жылдық тарихы бар жапондық қола мүсіннің көзінен жас аққан. 1984 жылы Лейквудтағы алаңдардың бірінде (Лос-Анджелес штаты) аспаннан артиллерия снаряды түседі. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде пайдаланылған, салмағы 22 фунт снаряд түскен жерінде жарылмаған. Көкте ұшақ болмаған. Алайда қарудың қайдан ұшып келгені белгісіз. Дәл осындай оқиға 1958 жылы 7 ақпанда Неаполде болған. 1942 жылғы артиллерия снаряды жерге қалай, қайдан түскені белгісіз күйде қалған. Көріпкелдердің сөзіне қарағанда, ел тізгінін қолына алған кейбіреулерді қорғап-қолдап жүретін тылсым күш болады. Мәселен Черчилл кездейсоқ өлімнен аман қалған. Ұлыброитания премьер-министрі өз резиденциясында түскі асқа отырмақ болады. Бірақ ол түске асты жертөлеге әкелуді тапсырады. Іле-шала неміс ұшақтары резиденцияны бомбалап, ас бөлмені талқандаған. Ал Черчил өзінің сезімталдығының арқасында аман қалған. Осы типтес қызықты ақпараттармен бөліссеңіздер! Интернет бетінен болсын газет-журналдардан болсын барынша дәлелді ақпараттарды ортаға салсаңыздар!

1 жауап

0 дауыс

«Ажырасқан» тасбақалар
Орта Азия елдері бостандық үшін соғысып жатқанда, басқа елдегілер 155 жылдық тасбақалардың жұптарының ажырасуына уайымдап отыр.
Клагенфурт қаласында орналасқан зообақттағы он жыл бірге тіршілік еткен екі тасбақа енді бірге тұра алмайтын көрінеді. Бұл туралы ең алғаш хабарлаған Orange News. Биби атты ұрғашы тасбақаның еркегін тістеп алғаны байқап қалған қызметкерлер «қос ғашықты» бөлек шығарып, «ажырастырып» жіберген екен.

Кем дегенде 100 киллограм болатын тасбақалардың бірін-бірі өлтіру қаупі бар. Ендігі зообақ қызметкерлерінің бар мақстаы мен істері екі жұпты қайтадан қосу. Екеуін ойнатып, түрлі тағамдар да беріп көріпті.

 

...