+2 дауыс
10.2k көрілді

ҚР-ның тұңғыш Олимпиада чемпиондары?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 5 жазғы және 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 1988 жылға дейін қазақ спортшылары КСРО құрамасының қатарында өнер көрсетті.

1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында да Қазақстан спортшылары Біріккен команда құрамына енді. Бүгінге дейін ел қоржынына спорттың жазғы түрлері бойынша 58 олимпиада медалі мен спорттың қысқы түрлері бойынша 6 медаль түскен.

Күні кеше аяқталған Лондон Олимпиадасы қазақ елі үшін жемісті болды. Бұрын-соңды отандық спортшылар мұндай жоғары жетістіктерге қол жеткізбеген еді. Бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ел намысын қолдан бермеген, көк байрағымызды көкке көтерткен толағайларымызбен қайта қауышсақ.

1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салды.

 

 

Василий Жиров -  Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы.

 

 

 

Юрий Мельниченко - грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері.

 

 

Александр Парыгин - Олимпиада чемпионы, бессайысшы.

 

Тәуелсіз Қазақстанның екінші Жазғы Олимпиадасы Сиднейде (Австралия) өтті. Онда да спортшыларымыз ел абыройын асқақтатып, 3 алтын, 4 күміс медальді қанжығаларына байлады. 

1-нші орын алған спортшыға ел үкіметі 100 мың АҚШ доллары, 2-нші орын алған спортшыға - 50 мың АҚШ доллары, ал 3-нші орын алған спортшыға 30 мың АҚШ доллары көлемнде сыйақы тағайындады.

 

 

 

Ермахан Ыбрайымов - Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының  қола жүлдегері, боксшы.

 

 

 

Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

 

 

 

 

Ольга Шишигина - Олимпиада чемпионы, кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЖ-ға лайықты, әттең бере алмаймын!
+1 дауыс

1992 жылы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғышы Смирнов Алтын алды ау деймін.

0 дауыс

1992 жылы басталды.Сол уақытта қазақ боксының дамыған уақыттарының бірінде - Василий Жиров бас жүлде яғни,алтынға қол жеткізді.

0 дауыс

Жақсылық Үшкемпіров

...