+1 дауыс
5.7k көрілді

Неліктен ерте таңертеңгі уақытты "құлқын сәрі" деп атайды?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құлқын деген тым,өте деген мағына береді.Ал сәрі деген сөзді мысалы сәресінмен байланыстырып көрсеңіз болады.Яғни құлқын сәрі тым ерте,өте ерте дегенді білдіреді.

0 дауыс

Фразеологиялық байлаулы мағына — сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесу арқылы, яғни фразеологизм тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы. Сөз өзінің атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, Фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сезбен емес, санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады. Мысалы, қысыр деген сөз төлдемейтін, бойдақ деген езінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мап деп бірқыдыру сөзбен емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сөз деген тұрақты тіркестің құрамындағы қысыр деген сөз бос, мәнсіз деген мағынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, Фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылып тұр. Оның байлаулы мағынасы тек сөз деген сөзбен тіркескенде ғана айқындалады. Қазақ тілінде құлқын деген сөздің тура мағынасы ындын деген ұғымды білдіреді. Осыдан құлқыны құрыды, құлқынның құлы деген фразеологизм тіркестер жасапған. Ал құлқын сәрі деген тұрақты тіркестің құрамындағы құлқын сөзі тура мағынасынан біржола ажырап, өте, тым ерте деген Фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалып отыр. Құлқын сөзі Фразеологиялық байлаулы мағынаға тек сәрідеген сөзбен тіркескенде ғана ие болады. Демек, Фразеологиялық байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болыптурады. Солардың лексика-грамматика тұрғыда өзара тығыз байланысуынан көрінеді. Сондықтан да бұлар тура (еркін) мағынадан ажыратылып, сөздің Фразеологиялық байлаулы мағынасы деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болған тұрақты тіркестердің көбінесе синонимдік баламалары болады. Мысалы, бала жігіт, бала бұрс.Үдегендегі бала сезін жас дегенмен ауыстыруға келеді. Аталы сөз дегендегі аталы сөзін орынды, орнын тапқан жүйелі сөз деуге болады. Су жорға, судай жорға дегенді сутөгілмесжорға, тәрт аяғын тең басқан жорға, шайқалған жорға деуге келеді. Ата қоныс, ата дәулет дегендегі ата деген сөзді байырғы, ежелгі деген синонимдермен алмастыруға әбден болады. Тура мағынадағы сөздердің қолдану шеңбері соншалықты кең, ал Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздердің қолдану өрісі тар, шектеулі деп, бір-бірін қарама-қарсы қойып айту лексикалық мағынапардың өзара кереғарлығынан шыққан.[1]

...