+3 дауыс
2.4k көрілді
Мен бір адамға немесе бір нәрсеге бауыр басып қалсам оны ұмыта алмаймын. Кейін қоштасатын кезде қатты қиналамын. Қалай тез ұмытып кетуге болады?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жүрегімде қалды елесің, сені ұмыта алар емеспін…© бұл да бәр әйгілі әннен үзінді. Кейде, сүйгеніңе еш қатысы жоқ, көңілсіз махаббат туралы өлеңдерден өзіңдікіне ұқсас сезім, ұқсас жағдайды естіп не көріп қалып, тамағыңды бір өксік тағы жұлмалайды. Ол азаптан құтылу үшін жылаңқы әндерді, жабырқау туындыларды әдейі іздеп тыңдаудан, оқудан мүлде бас тартуың керек. Махаббат тақырыбындағы мұңлы әңгімелерді де, киноларды қарауды да доғаруың керек. Әлемнің оның ішінде қазақтың шоу-бизнесі мен бульварлық баспасы жауапсыз махаббат сезімі арқасында қыруар ақша тауып отырғандықтан, оларға сенің жалғыздық сезімінен, мұңнан айығуың еш тиімді емес. Иә, бұл бизнес, бауырым. Қасақана емес. Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, Орда және т.б сияқты ондаған, жүздеген, мыңдаған әншілер мен топтар, үнді мелодрамалары, кітаптар, Түрік, Корей сериалдары өзіңе мүлде мұқтаж емес адамдар туралы ойларға әуре боп, жауапсыз махаббаттан құса боп, сағың сынған жерде жата берсең, сүйгенің түбі сендік болатынын, және осының бәрі ер жігітке лайық іс екенін құдайдың құтты күні миыңа әдемілеп құйып беріп отырады. Алайда шын өмірде бір де бір қыз үнемі мұңайып, мәселені ушықтырып, қиындатып жүретін драмақұмар жігіттер түрін жақтырмайды. Тіпті кейбірі олардан мейілінше аулақ жүруге тырысады. Қалай болғанда, айтылған жайт енді саған жан жақтан сенің бір басыңа төгілген «жауапсыз махаббат пен өкініштің» ауқымды жарнамасына төтеп беруге көмектеседі деген үміттемін.
+1 дауыс

Ұмытып қайтесің? Ол адаммен қайта кездесуің мүмкін ғой. Жер домалақ дегендей ))

0 дауыс

Жансая Қожатай, менімше бауыр басып қалу және сол бауыр басып қалған адамнан немесе заттан айырылуға қиналыс білдіру, қимастық сезімі деген адам бойындағы тамаша қасиеттердің бірі, тұрақтылықтың белгісі деп бағалар едім. Егер адамдар жақын тартқан жандарынан, бауыр басқан заттарынан еш қиналыссыз ажырайтын болса не болғаны, онда жақсы көрудің немесе бауыр басудың не екенін білмейтін роботтардан несі артық? Сондықтан осы қалпыңды сақтағаның, өз сезіміңмен өмір сүргенің абзал ма деймін.

Рахмет өз ойыңызды білдіргеніңізге
0 дауыс
Басқа нәрсені ойлауға тырыс ең бастысы көңіліңді аула
...