+1 дауыс
1.4k көрілді
Жігітіммен қоштасайындеп жатырмын, мен өз ауылыма кетем, ал ол Шымкентте қалады. Ол мені ұмытып кетуі мүмкін бе? Екеуміздің жүргенімізге не бары екі апта болды.

14 жауап

+2 дауыс
егер ол сізді шынымен жақсы көрсе ұмытпайды деп ойлаймын бірақ екі адам екі жақта жүрсе оны көрмесеңіз мүмкін
+2 дауыс
қатты сенгіш жан екенсін, екі аптаның ішінде сол жігітті танып біле алдын ба? соны айтшы
Жоқ, білген жоқпын! Бірақ, қатты сүйіп қалдым. Ол да мені сүйетін сияқты, бірақ сенбеймін!
барлығы да мүмкін,  мүмкін ол сені сүйіпте қалған шығар, мүмкін жай қызыққан шығар, әр бір айтқан сөздеріне сене бермегенін дұрыс болар,  ары қарай өзін білесін ақылды бол
Мен мүмкін оны сүймейтін шығармын, тек күнде көргеннен кейін бауыр басып қалған шығармын. Ол да мүмкін бе?
арине, бауырындай жақын адамын болуы да  мүмкін,,,,,, уақыт көрсетер  ар жағын
Сүйетініңіз кәні, сенбейтініңіз кәні?!
+3 дауыс
Егер сені жай ұнатып және басқа қызды, ойындағыдай немесе сұлу қызды кездестіріп жатса, аттап кетуі ғажап емес. Ондай адамдар бар екені өтірік емес қой.
Жоқ, жігітім жоқ. Біреу-ақ! Бірақ бұрынғы жүрген жігітім маза бермейді.
тiптi ондайлар өте көп!
+2 дауыс
шыныменде екі аптада канша ғашык болсанда бір бірінді танып алу мүмкін емес жагдай!!!конечно ұмытып кетеди,арине биреу есени тусирткізбесе?өзіңізде кішкене ойланып көріңіз?
Рахмет сіздерге!
+2 дауыс
2 апта? Тым аз емес пе сенім мен сезімге орын беру үшін? Егер кішкентай да болсын сезімі болса ұмытпас, бәлкім араларыңыздағы алшақтық махаббаттың өшуіне емес өсуіне ықпалын тигізер.
Білмедім, солай болуы да мүмкін!
+2 дауыс
Бұл сендердің сезімдеріңнің  сынан өтер шағы деп біл,егер, ол  сені ұмытпай, тел соғып,  оқуыңа барып  хабар біліп жүрсе, сені жақсы көретіндігі, ал көп сылтау айтып,  хабарсыз кетсе, бұл араларыңдағы сезімнің қандай екенін білдіреді деп ойлаймын,соған қарай шешім қабылдауда оңай болады, бұл үшін жай ғана уақыт керек.
+1 дауыс
Бетіңе "нагло" қарап тұрып ұмытып кетеді, 2 апта деген не ол?!
+1 дауыс
Әбден Мүмкін деп ойлаймын!!!!!!!!!!!!!!!!!
+2 дауыс
Егер сені шын сүйсе, ұмытпайды. Екі апта түгілі, екі күнде бауыр басып үлгереді адам. Жиі хабарласып тұрсаңдар, тіпті айына бір рет кездесіп тұрсаңдар болады ғой. Адамға байланысты деп ойлаймын.
0 дауыс
*Керемет сұрақ!!! Енді сізге менен сұрақ!!! Сіз бұл сұрақтың жауабын алсаңыз сізге не пайда?! Алі үміттеніп жүрсіз бе?!* *Бұл жерде бір адам ол сұрақтың жауабын білмейді, өйткені ол жігітті танымаймыз-сырласпағанбыз!!! Жақсы кеңес: Ол жігіттің өзінен сұрағаныңыз жөн және нақты жауап аласыз!!!* (h) *Саттілік тілеймін!!!*
Мен өзінен сұрадым! Иә деді, бірақ сенбеймін!
0 дауыс
қызық.. бәрінің уақытысын, шегін, шекарасын білу керек, ол өмірдегі ең соңғы адам емес қой, 7 миллиард бейтаныс адамның бірі ғана, мүмкін ұмытады, мүмкін жоқ, ол болашақтың мәселесі, оны ойлап қазіргі керемет сәттерді жоғалту обал, қазіргі бақытыңызға қуаныңыз!
0 дауыс
Ұмытып кетуі мүмкін! Екеуің екі жақта әрине, күндегідей бола бермейді. Өзі жоқтың көзі жоқ деп...
0 дауыс
Қарап отырсам, сіз ол адамға сенбейді екенсіз. Өзінен сұрап, үйтіп-бүйтіп өзіңізден тым алыстатып алуыңыз ғажап емес! Жай ғана сене біліңіз!
0 дауыс
ара кашыктык, уакыт, сезимнин сууына акелип соктырады.
каладагы адеми кыздар жигиттин козин магнитше тартады.
суйиктиннин касында болганын дурыс

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
11 жауап
...