+1 дауыс
13.6k көрілді

Ломоносовтың кедейлікпен өткен балалық шағы,өмір жолы,ұлы ғалым дәрежесіне қалай жеткені туралы қазақша мәлімет тауып бересіздер ме?

4 жауап

0 дауыс

+1 дауыс
Тәрбиеніңмақсаты Отанғажәне халыққа қызмет етуге дайындау, тәрбие негізі адамның ойы мен құлқын жетілдіретін ғылымда деп білген. Елдегі түрлі техникалық, ғылыми, мәдени бастамалардың бастаушысы, ғылым мен ағартудың ұйымдастырушысы болған. Мәскеудегі бірінші орыс университетінің негізін қалаған. Ресейдеалғашқы бөлігі материалистік дүниетану, дін мен ғылымды айыру негізіндегі педагогикатеорияны жасаған. Білімнің, тіпті университеттің сословиясыз болуын жақтаған. Зияраттық білім идеясын және жас ұрпақтың ғылыми білім алуын қостаған. Орыс педагогикасында алғашқы болып классикалық, ғылыми-табиғи және шынайы білімдердің араласуына жақтаушы болған. Оның оқыту әдісінде политехникалық білім әлементтері көрінеді. Есте сақтаумен ой қабілетін дамытатын тиімді жүйе ретінде сыныптық сабақтық жүйенің жақтаушысы болып, емтихандар мен үй тапсырмаларына да жақтаушы болған. Оқыту процесінде тәжірибеге, тәжірибелер қоюға көп мән берген. Оқытудың көрнекілік, қол жететін оқу, оқушының белсенділігі мен өздік жұмыс істеуін дамыту сияқты қағидаларын жасаған. Ресеймемлекетінде орыс тілінде «жоғары ғылымның» тарауын мақсат еткен. Орыс тіліндегі алғашқы грамматика, шешендікке басшылық, тау ғылымының негізін калайтын т.б. оқулықтар жазған. Негізгі педагогика жұмыстары: *.«Шешендікке қысқаша кеңес»; *.«Ресейлік грамматика»; *.«Ежелгі Ресей тарихы»; *.«Ресей халқын сақтау мен көбейту туралы»; *.«Мәскеу гимназияларының регламенті жобасы» т.б. Ломоносовтың шығармашылық қызметі Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. М.В. Ломоносов химиялық реакциякезіндегі массаның сақталу заңының ( 1756ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды; ( 1741- 1750ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды; ( 1744- 1748ж.) жылудың кинетикалық теориясынұсынды; ( 1747- 1752ж.) химиялыққұбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды. Еңбектері мен зерттеулері Оның еңбектері табиғи философиянытәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748- 1757жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді. Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. Пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде ( 1756ж.) олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті. Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағыерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады. Әртүрлі аспаптарды ( вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлердіжеткілікті дәлдікпен градуирледі. Көптеген химиялық өндірістердің (бейорганикалық пигменттердің, глазурлердің, шынының, фарфордың) негізін қалаушы. Мозайкалық суреттерді жасау үшін қолданған түсті шынылардың әдістемесін және технологиясын әзірледі. Форфорлық массаны ойлап тапты. Кендерді, тұздарды және басқа өнімдерді талдаумен айналысқан. «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі» еңбегінде әртүрлі металдардың қасиеттерін қарастырды, оларды бөлу және алу әдістерін сипаттады. Химия бойынша басқа әртүрлі жұмыстармен қатар бұл еңбек орыстың химиялық тілінің негізін қалады. Табиғаттағы әртүрлі минералдардың және кенсіз денелердің пайда болу мәселелерін қарастырған. Топырақ гумусының биогенді түзілу идеясын айтқан. Мұнайдың, тас көмірдің, торфтың және янтарьдың органикалық түзілуін дәлелдеген. Темір купоросының, мыстың мыс купоросынан, күкірттің күкіртті кендерден, кварцтың, тұз, азотжәне күкіртқышқылдарын алу үрдістерін сипаттаған. Орыс академиктерінің алғашқысы болып химия және металлургия бойынша кітаптар («Физикалық химия курсы», 1754 ж.; «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі», 1763 ж.) дайындады.
+1 дауыс

 

Ломоносов туралы әр заманда әртүрлі, біріне-бірі қайшы, біріне-бірі қабыспайтын пікірлер болып отырды. Әсіресе оның ғалымдық пен ақындығы туралы таластар, тіпті өрескел де қорытындылар болды. Өз заманында ол даңқты Батыс Европаның түкпір-түкпірін шарлап өтті, оның аты әлемге мәлім болды. Бірақ көп уақытқа дейін химия ғалымы Ломоносов бір басқа, ақын Ломоносов бір басқа, бұл екеуін қосуға болмайды деген әңгіме таралды. Әрине, екі Ломоносов жоқ, ғалым да, ақын да бір Ломоносов еді және оның үстіне өз ұлтын басқадан артық санайтын, тәкаппар, көзқарастары тапшы неміс білімпаздарының бірқатары ол кезде «орыстан білімпаз шықпайды, ғылымға оның зейіні жетпейді» деген өсек те таратып жүрді. Ондай адамдар тіпті миға қонбайтын өзінің жала пікірін дәлелдеу үшін Ломоносовтың фамилиясын немістікіне ұқсатып, Ломоноз етіп, ол неміс деп те таратты. Мұның бәрі дана кемеңгерді туғызған ұлы халықтың өсуін көре алмаған жаулық бағыттағы адамдардың ісі болатын.

            Бірақ орыс халқының данышпандығына шек келтірушілікті өмір өтірікке шығарып, дәлелдеп келеді. Ломоносов өз заманында-ақ данышпандығын досына да, дұшпанына да мойындата білді. Әйтсе де ғалым мен ақын бір кісі ме, болмаса ғалымдығы күшті ме, ақындығы күшті ме деген сияқты таластар болып отырды. Бұл жалғыз шетте емес, Россияның өзінде де болды. Ломоносовты көре алмаған дұшпандары, дін қауымының өкілдері, Петрдің өзгерісіне қарсы шыққан топтар, әрине, оған тиісті баға беруден аулақ болатын. Үкімет адамдарының көпшілігі оны ғалым етпей, патша сарайының жыршысы етуге де тырысты. Кейбір топтар «Сен ақын емессің, химияңмен бола бер» дегенді де айтты. Осы сияқты қым-қиғаш пікір, біреу ілгері, біреу кейін тартқан бағыт та аз болған жоқ. Әрине, жан-жақты данышпан адамды терең түсініп, еңбектерін бағаларлық ол күнде ғылыми сындардың өзі де жоқ болатын. Тіпті берірек келген соң да Ломоносовты жан-жаққа тарту, талас-пікірлері қалмай отырды.

            «Ломоносов - біздің әдебиетіміздің Петрі, оған нағыз дұрыс көзқарас, меніңше, осы болуы керек...»

            «Біздің әдебиетіміз Ломоносовтан басталды, ол - әдебиетіміздің әкесі, өсірушісі, ол оның ұлы Петрі болды. Мұның ұлы адам екенін, данышпандық мөрі басылған жан екенін айтудың керегі бар ма: мұның бәрі шек келтірмейтін шындық» дейді Белинский1.

Ломоносовтың нағыз ғылым адамы, орыс ғылымына таудай еңбек етіп, өшпес жол салып кеткен данышпан екендігін бағалай отырып, ол орыс әдебиетінің де әкесі болғанын айтып, жоғарғы бағаны беріп еді ұлы сыншы. Әрине, қоғам дамыды, жағдай өзгерді, дүниеге көзқарас тереңдеді, жаңа философиялық ағымдар шықты, өмірге жаңа самалдар соқты. Осымен қатар адамның да санасы өзгеріп, өсіп, ілгері дамып отырды. Бұл берген бағасынан Белинский кейінірек кезде бас тартқандай болды. Ол: «Ломоносовтың көп өлеңдері нашар жазылған» дегенді де айтты.

            Бірақ Ломоносов заманында оған осыдан артық көркем шығарма беруге мүмкіндік бар ма еді, ескі заманнан бері жалғыз-ақ жол болып саналған, Батыс Европада үлкен орын тепкен әдебиет мектебі - классицизм бағыты оның қолын бөгеді. Ежелден тәңіріні, батырларды, патшаларды, мемлекет геройларын жыр ететін оны салтанатты түрде көтеріңкі тілмен мадақтауға ғана заң жасаған бұл із оған бірден төңкеріп тастауға бой бере қойған жоқ. Бұл классицизм мектебі Ломоносовтан кейін де көп уақыт өмір сүрді. Алайда поэзияға

 1Белинский В.Г. В двух томах, том І. 1959ж. - стр. 56

жаңа түр кіргізіп, оның тілінің үшке бөлінуін жүйелеген Ломоносов сол өзінің жоғарғы стильмен жазған патшаға арнаулы одаларында халық тілегін айтып, тақырыбына бұқарашылдық ендірсе, оның салтанатты тіліне орыстың халық ұғымындағы байырғы сөздерін де араластырды. Бұл, әрине, үлкен мәселе, әдебиеттің халықтық жағын күшейтетін адымдар болатын. Белинский де оны сынағанда кемітіп сынаған жоқ, ол тек қана «әттеген-ай, ғалым болмай, ақын болсаң қандай тамаша болар еді» дегендей болды. Бұл Ломоносов поэзиясына сын көзімен қарау еді. Оның сезімнен гөрі ойы көп, халықшылдығынан гөрі патшашылдығы басым, қарапайым жазудан гөрі салтанатты, көтеріңкі тілмен жазылған жағы басым деу - атақты Радищевтен басталған сын. Бұл сынның ізімен кейін А.С.Пушкин, онан соң Белинский жазған болатын. Әлбетте, бұғауда, қанауда, езілуде, аштық-жалаңаштыққа құл болған орыс шаруаларының аянышты халін суреттеп, теңсіздікте қатты қиналып отырғанын жұртшылық алдына таратқан, қанаушы помещиктердің қылығын әйгілеген, олардың шашпауын көтерушілердің зұлымдығын бетіне басқан Александр Радищев Ломоносов поэзиясына риза болмауы мүмкін де емес еді. Оның патшаға арнап жазған мадақтауларының өзі-ақ Радищевтің наразылық білдіруіне жеткілікті еді. Ол Ломоносов поэзиясында «сезім аз» деп жазды.

            Бұл кезде классицизм стилінен өзгеше, адамның сезімін, әсіресе қарапайым адамның ішкі сезімі мен ішкі дүниесін суреттейтін әдебиетте жаңа ағым, жаңа бағыт туған болатын. Бұл жаңа бағыттың аты сезімшілдік (сентиментализм) еді. Бұл жаңа бағыт Россия жағдайында дворяндардың ұсақтау жағына және ұлттық өндіріс шаруашылығын қолдайтын, ескі, атам заманғы салт деп, тәртіптен безген топтарының тілегіне қабыса кетті. Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» деген кітабы осы сезімшілдік бағыттың саяси түрі болатын. Ол осы сияқты төңкерісшілдігі, бүкіл дворян помещиктердің шаруашылық, саяси жүйесіне қарсы шыққаны үшін жер аударылған еді. Міне, осындай жаңа заманның жаңа бағытындағы демократ Радищевтің Ломоносов поэзиясын бұл сияқты қатты сынауы заңды да еді. Дегенмен ол Ломоносовтың тарихи маңызын, ғылыми еңбектерін, Россияның дамуына көп себеп болған ағарту істерін айрықша жақсы бағалады.

            Міне, осы Радищев сияқты Ломоносовтың поэзиясының көркемдік жағын Пушкин мен Белинский де сынады. Олардың ерекше тоқталғандары, оның өлеңдерінің, әсіресе көркемдігі жағынан әлсіз жазылғандары болды. Бірақ олар жалпы алғанда оған дұрыс баға берді. Атақты ғалымның тарихи ролін Петр бастаған ұлы өзгерістерге тіреді.

            Екеуі де поэзиядағы Ломоносовтың кейбір нашар жақтарын айтумен бірге, оның орыс ғылымына еткен өшпес еңбектерін, ұшы-қиыры жоқ жаңалықтарын мақтан етті. Оның төменгі таптан шықса да, ұлықтарға бас имеуін, ғылымға берілгенін және академия тарихындағы оның үлкен мәнін, орнын айрықша мадақтады.

            Шувалов: «Мен сені академиядан шығарамын» дегенде, «Жоқ, Академияны менен айыру мүмкін бе» деп, Ломоносовтың байсалды ерлікпен қайтарған жауабын А.С.Пушкин сүйсіне еске түсірді1.

            Ал ескі славяншылар Ломоносов поэзиясына басқаша қарады. Он тоғызыншы ғасырдың бас кезіндегі батысшылдық пен ескі славяншылдық ағымдардың ұлы тартысында ескішілдер Ломоносовтың салтанатты тілмен патшаларға жазған мақтау одаларын бірінші қатарға қойып, «міне, көркемдіктің үлгісі, өйткені бұл одалар орыс патшаларының ісін мадақтайды, орыстың ескі славян тілінің үлгісімен жазылған, ұлттық мызғымас салтына, тұрмысына сай келеді» деген еді. Бұл көзқарас он сегізінші ғасырда Шувалов, он тоғызыншы ғасырдың басында Шишковтарда болды.

+1 дауыс

Батыстың ықпалынан ат-тонын ала қашып, Россияны өз қазанында қайнатып, жер жүзілік мәдениеттен оңашалауға тырысқан Шишковтардың әрине, осылай деуі керек еді. Ол голошты - сыз басқыш деу, болмаса, дауыс дегеннен гөрі лебіз деу дұрыс, ауыз дегеннен ағыз деу артық деген сияқты кей сөздерден безіп, бұқара ұғымынан аулақ, ескі діннің тоты басқан сөздерді қолдануды ұсынды. Ал Радищев, Пушкин, Белинскийдің көбіне қаттырақ сынап, батылырақ айтқан жағы «қадырған ізі осы» деп Ломоносовқа ренжулерінің бір жағы сол ескілік болатын. Әсіресе оларға ұнамаған, өте әлсіз көрінген Ломоносовтың одалары, оның ұлықтарды мадақтаған одалары және оның одаларының тілі еді. Бұлардың сыны - негізінде прогрестік көзқараспен берілген сын.

            Бұлардан басқа әдебиетшілердің көпшілігі Ломоносовтың ақындығына шек келтіру ниетінде ғана болды. Мысалы, орта қатарлы әдебиет тарихшысы, сыншысы есептелетін, орыс әдебиетінің тарихымен, журнал мәселелерімен көп шұғылданған Полевой сияқты адамдар да Ломоносов орташа ғана ақын деген пікірге келді.

            «Ломоносов қайта құру дәуірі» мен жаңа заманның шекарасындағы бір өзі әрі ғалым, әрі әдебиетші болу міндеті жүктелген кемеңгерлердің қатарындағы адам болатын: жаңа ғана туып келе жатқан қос қоғамымызға ғылымның маңызы ертерек етек алғандықтан, олардың әдебиетшілігінен гөрі, ғылымдығы басым еді.

            Мұны «Ломоносов жаңа өмір тарихшылары мен сыншылары ұғынып, ол сөзсіз данышпан адам, данышпан ғалым және мұнымен бірге орташа ғана ақын және орташа ғана әдебиетші деген қорытындыға келуі керек болды» деді Полевой.

  1Пушкин А.С. Шығармалары (бір томдық), 1936ж.- 755-бет.

  Бұл пікір әрине, төрт жағы тең салыстырылып, салмақталып, Ломоносовтың ақындығын таразыға әділ тартып берілген баға емес. Ломоносовты «орташа ғана ақын» деу - оны жете бағаламағандық. Оның Пушкин мен Белинский көрсеткен әлсіз жақтары болды, ол - даусыз. Сонымен қатар оның өте күшті, өте көркем ақындық шығармалары да таразының бір басын еңсеріп жатады. Ломоносовтың ақындық күші поэзиядағы дұшпандығы - патриоттығында.

            Оның патриоттығы - отанның көркеюіне білімін, өмірін сарп етіп қызмет етуінде. Оның өмірінің соңғы он жылында отанын, орыс халқын тереңінен сүю сарыны айрықша сезілді. Бұл сезім оның өлеңдерінде өзгеше сұлу түр беріп, аса көркем, әсерлі мағына енгізеді; орыс тілін тексеріп, тарихын зерттеп, көрнекті еңбектер жасауға да үлкен дем береді; бұл сезім оған Петр бастаған ұлы мәдени өзгерісті аянбай қорғауды міндет етеді. Оның өлеңдеріндегі патриоттық рух ой-сезімін кеше жазылғандай тербетіп, отанды сүюге үндейді. Оның 1755 жылғы орыстардың немістерді жеңуін құттықтап жазған өлеңінің тарихи сарыны кешегі әлемге бұғау салып, халықты құл етуге тырысқан қаныпезер неміс жиһангерлерінің қылығын әйгілеген, оларды жеңуге шақырған отан сүю поэзиясының үніне үн қосатын сияқты.

            Жоғарыда айталған натурфилософиялық одаларының мазмұны мен түр жағынан ұштасқан көркемдігіне төмендегі «Кешкі ой шарықтауы» деген өлеңінің үзіндісі толық дәлел:

Күн де бетін жасырды,

Даланы алды түн қаптап.

Көлеңке тауға асылды,

Сәуле бізден аулақтап;

Зәулімде туды көп жұлдыз,

Саны жоқ түссіз, әрі үнсіз.

Заңың қайда табиғат;

Түн жақ елден таң атады

Күн бе әлде онда құрған тақ,

Мұздан теңіз от шашад.

Жапты бізді салқын түн

Түнде түсіп жерге түн.

 

            Солтүстіктегі түнді, ондағы ғажайып жарқылды әрі көркем, әрі дәл суреттеу Ломоносов сияқты сегіз қырлы білімпаз, сезім күйі билеген дарынды ақынның ғана қолынан келеді. Бұл өлеңнің көркемдік жағы нашар, мазмұны сайыз деп ешкім айта алмас.

 

Сәулені түнде не қозғар,

Нәзік жалын қатты өрлеп?

Бұлтсыз күнде найзағай,

Жерден көкке қол сермеп.

Қалайша солай қатқан пар,

Қыс ішінде от шашар?

            Ломоносовтың бұл ғажап көркем өлеңінде екіұшты сенім бар сияқты. Ол сол замандағы дүниеге философиялық көзқарастың ірі ағымы - жаратылыстың түпкі себебі тәңірі, құдірет бар, бірақ табиғат өз заңының күшіне бағынады дейтін түсінік. Алайда батыстағы Коперник, Бруно, Галилейдің матералистік оқуын үлгі еткен және атомдық теорияның қолдаушылары Гасенди1, Гольбах2, Ньютон ізін қуған Ломоносов бұл шала құдайшылық заманның сарынына қарай қолдайтындай тәрізді. Бұл Деизм деген діннен құтылудың әрі ыңғайлы, әрі жеңіл әдісі ғана, онан артық емес; ең болмағанда материалистік үшін солай дейтін Маркс пікіріне жақын келеді. Өйткені оның ғылым жөніндегі, табиғат күшін пайдаланудағы көзқарастары дінмен де, құдаймен де қабыса бермейді.

            Ал жоғарғы келтірген өлеңдерінің біз үшін ең керекті жағы - Ломоносов поэзиясы жөніндегі теріс, болмаса шала түсініктерге қарсы, оның данышпан ақындығын айқындау, соны дәлелдеу.

            Бұған әсіресе «Шынының пайдасы туралы» деген өлеңі толық дәлел. «Шынының пайдасы туралы» - ұзақ поэма. Мысал үшін бір үзінді келтірелік.

Ұрлап алып күннен от,

Берген адам ұлына,

Прометей3 - титанға

Тасты жарып ағады.

Қандай өмір, - не қорлық;

Түршігіп жаның селк етер!

    Ломоносов - ұлы орыс халқының сегіз қырлы данышпан ғалымы, ол орыс ғылымының дамуына бірінші негіз қалаған, оның жасаушысы, ұйымдастырушысы болған адам. Тек қана ғылым емес, ол - өшпес белгі қалдырған және олардың өркендеуіне өзі бастап жол салған адам.

...