+3 дауыс
3.5k көрілді

Инфляция мен девальвацияның айырмашылығы неде?Қалай ажырата аламыз?

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі ұқсас болғанмен айырмашылығы көп, Девальвация - ақшаның құнсыздануы, инфляция тауар бағасының өсуі (мысалы өткенде девальвация болды, енді соған сәйкес тауарлар қымбаттаса ол инфляция болады)

+3 дауыс
Екеуі мүлдем екі бөлек нәрсе. Девальвация - валюта курсының, ақшаның төмендеп кетуі, бір жағынан ақша бағасының көтереріліп-төмендеп тұруы деп айтуға да болады. Инфляция - бағалардың өсіп кетуі.
+3 дауыс

Товарға тиген жау инфляция деп, ал ақшаға тиген жау девальвация деп аталады.

+2 дауыс

Девальция дегеніміз - төл Теңгеміздің басқа валюталарға салыстырғанда құнсыздануы, яғни өзінің құның жоғалтуы.

Инфляция дегеніміз - ақшаның заттарға(тауарларға) салыстырмалы түрде құнсыздануы, яғни өзінің нарықтағы құнын жоғалтуы.

Экономика және мененджменттен сұрақтарыңыз болса қойыңыз жауап беруге тырысамын.

0 дауыс
Инфляция- ақшаның құнсыздануы. Ал девальвация ол банктардағы мемлекеттік валютаның азаюы
...