0 дауыс
4.1k көрілді

Жылан мен қарлығаштың неше түрі бар және олар неше жыл өмір сүреді?

Бүкіл әлемде қарлығаштың 80 түрі бар
Белгісіз

1 жауап

+1 дауыс

Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаhарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді. Жыртқыш түрлері тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Көпшілік жыландар жұмыртқа (қарашұбар жыландар, гюрзалар, т.б) салады, ал кейбіреулері ( сұржыландар, бозша жыландар, т.б.) тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып (мысалы, сұржыландар) қыстайды. Топтанып қыстайтын түрлерін халық «ордалы жыландар» деп атайды. Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер және жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада қолданылады. Денесі ұзыншақ, 8 см ден 10 м, (айдахар), мүйізді қалқанша және қабыршақтарымен қапталған. Омыртқа саны әртүрлі, 141 ден 435 дейін., (opmauta 200). Кеуде сүйегі жоқ, дене омыртқалары жылжымалы қабырғаларымен қосылған. Көздері бірігіп кеткен мөлдір қабықпен қапталған Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Ұзын тілінің ұшы айр Бас сүйектері бір- бірімен жұмсақ жалғамаларымен қосылған. Соның нәтижесінде жылан ірі жануарларды аузын кең керіп жұта алады. Тістері өткір, жіңішке, артқа қарай майысқан. Улы жыландардың жоғарғы улы тістері бар. Олардың қуыс у келетін өзегі болады. Өкпесі біреу. Қуығы жоқ. Аталықтарының копулятивтік мүшесі құйрығының түбінде тері астына орналасқан. Жылына бірнеше рет түлейді. Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқыржыландар, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілік етеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген

...