Құрылыс, Жобалау | 7.9k қаралды
7.9k қаралды

Өрт туралы эссе, ақпарат керек?

4 жауап

Белгісіз
2 наурызда Қарағанды қ. Балалар және жасөспірімдер сарайында «Балалар және өрт қауіпсіздігі» облыстық акциясының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау болды. Еске салайық, акция 2010 жылғы 1 желтоқсаннан 2011 жылғы 18 ақпанға дейін өтті. Акцияның басты мақсаттары – балалардың және ата-аналардың әрқашан және барлық жерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігіне назар аудару, кәсіби бағдар және өрт сөндірушілердің ерлік жұмысын насихаттау. Облыстық акцияға 10-18 жастағы балалар қатысты. Барлығы акцияда Қарағанды, Саран, Теміртау, Абай, Қаражал, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Шахтинск қалаларының және Абай, Осакаров, Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандарының жалпы білім беру мекемелерінен 1000 астам оқушылар қатысты. Салтанатты марапаттау кезінде жеңімпаз-оқушылар өз жұмыстарын көрермендерге көрсетті. Балалардың жарық, көркем және бірегей өнімдері көрермендерді қуантты. Әсіресе ТЖ департаментінен және «Өрт сөндіруші» филиалынан келген қонақтар балалардың шығармашылығына таңқалды. Олар жеңімпаздарды сараптауға қатысты. Кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылар «Балалар және өрт қауіпсіздігі» облыстық акциясының барлық қатысушыларын жоғары бағалап, алғыс айтты. Олар балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін жақсы игергенін, өрт санағын білгенін, өрт сөндіру қызметінің батырларымен танысқанын және көп пайдалы заттарын байқады. Кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылар сайысқа қатысушылардың еңбегі мен шеберліктерін жоғары бағалап, «балалар және өрт қауіпсіздігі» акциясының қатысушыларына алғыстарын білдірді. Олар балалардың өрт қауіпсіздігі жайындағы жоғары деңгейдегі біліктіліктері мен өртке қатысты статистиканы жақсы меңгергенін, өрт сөндіру қызметінің батырларын танып-білгенін айтты. Сонымен қатар балалар осы акция барысында өздерінің болашағына қажетті ақпаратпен сусындағаны да сөзсіз. Акцияны ұйымдастырушылар: Қарағанды қаласының балалар және жасөспірімдер сарайының ақпараттық технологиялық ресурстар орталығы, Қарағанды облысының ТЖ департаментінің «Өрт сөндіруші» АҚ Қарағандыдағы филиалы. Атап айтсақ, «Өрт сөндіруші» АҚ «Балалар және өрт қауіпсіздігі» акциясының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тарту етуде ең басты демеушілердің бірі болды. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен көтермелеу сыйлықтары, марапаттау қағаздары берілді. Ең үздік жұмыстарды қазылар алқасы төмендегі номинациялар арқылы таңдады: - Шығармашылық жұмыс (суреттер, үгіт-насихат беттері, буклет, презентациялар); - Эссе мен жыр жолдары (акция аясында қалаған тақырыптарында); - интернет-викторина «Тұрғындар және өрт қауіпсіздігі»; - біріккен жасөспірімдердің үгіт-насихат бригадаларының сайысы. «Балалар және өрт қауіпсіздігі» акциясы жеңімпаздарының тізімі. «От және балалар» тақырыбындағы номинация бойынша 10-14 жас аралығындағы балалар арасында Қарағанды қаласының № 82 орта мектебінің оқушысы Светлана Пьянкова жеңіп алды. «Өрт сөндірушінің ерен еңбегі» тақырыбындағы номинация бойынша 15-18 жас аралығындағы балалар арасында Жезқазған қаласының балалар және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Біржан Аманжолов иеленді. «Балалар және өрт» номинация бойынша 10-14 жас аралығындағы балалар арасында Қарағанды қаласының «Friendship» жеке меншік мектебінің оқушысы Валерия Ненахова қанжығасына байлады. Буклет жасау конкурсында «Өрт сөндірушінің ерен еңбегі» тақырыбындағы номинация бойынша 15-18 жас аралығындағы балалар арасында Қарағанды қаласының № 3 мектеп гимназиясының оқушысы Ирина Киселева иемденді. Шығармашылық конкурста 10-14 жас аралығындағы балалар арасында Қарағанды қаласының № 66 мектеп оқушысы Наили Нығматуллинаның Эссесін қазылар алқасы үздік деп таныды. Шығармашылық конкурста 15-18 жас аралығындағы балалар арасында Эссе жазудан 1-ші орынды Осакаровка ауданының №1 мектебінің оқушысы Гүлжайнар Шораева алды. «От және балалар» тақырыбындағы номинация бойынша Презентация жасауда 10-14 жас аралығындағы балалар арасында Шахтинск қаласының № 6 орта мектебінің оқушылары Валерия Трегубова және Юлиана Стрижакова жүлделі орынға ие болды. «Өрт сөндірушінің ерен еңбегі» тақырыбындағы номинация бойынша Презентация жасауда 15-18 жас аралығындағы балалар арасында бас жүлдені Қарағанды қаласының № 9 мектеп оқушысы Ярослав Рычков қанжығасына байлады. Интернет-викторина конкурсы бойынша «Тұрғындар мен өрт қауіпсіздігі» тақырыбында бірінші орынды Қарағанды қаласының № 86 мектебінің оқушысы Наталья Тен алды. Үгіт-насихат бригадаларының фестивалінде «Балалар және өрт қауіпсіздігі» тақырыбында бас жүлдені № 23 орта мектептің командасы иеленді. Алдағы уақытта Қарағанды облысының ТЖ департаменті осы сында жеңімпаз болған балалардың жұмысын мектептердегі сынып сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламаларына енгізуді ұсынуды көздеп отыр.

Көптеген адамдар өртті өздеріне қатысы жоқ, немесе олардың кесірінен болмайтын нәрсе деп қарастырады. Алайда өрт жағдайларының жартысынан астамына адам факторы – отты пайдаланудағы бейқамдық пен абайсыздық  себеп болып жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін барлығы білуі тиіс.  

Ең әуелі кез келген бейтаныс ғимаратқа кіріп бара жатқанда, жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы есіктердің орналасуына мән беріңіз. Егер де «Өрт!» деген айқайды естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз, не болмаса жалын байқаған болсаңыз, өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз.  

Сабырлылық пен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз.  Жағдайға баға беріңіз, шын мәнінде қауіп төніп тұрғанына көз жеткізіңіз, оның қайдан пайда болғанын анықтаңыз, содан соң сабырмен, үрейге бой алдырмай қарама-қарсы бағытта есікке қарай жылжыңыз.  Топ ішінде келе жатқанда, қартаң адамдарға жол беріңіз, байбалам салушыларды тоқтатыңыз.  Қорқыныш салдарынан қозғала алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды, түсінікті түрде сөйлесіңіз.

Тобыр ішінде қалсаңыз, шынтағыңызды бүккен күйде қолдарыңызды қос бүйіріңізге қойыңыз да, жұдырығыңызды түйіңіз. Кеудеңізді шалқайтып, аяғыңызды алға тіреп, тегеурінді арқаңызбен тоқтатуға тырысыңыз, сөйтіп алдыңызды босатып, асықпай жылжыңыз.  

Түтіні қалың жерлерге кірмеңіз! Заманауи ғимараттардың тұрғызылуында жанған кезде уытты заттар бөліп шығаратын пластик, синтетика көп пайдаланылады. Бірнеше рет тыныс алсаңыз-ақ болды, уланып өліп кетуіңіз мүмкін.  
Бөлмелердің, дәліздің түтінге толғанын көрген сәтте түтін жете қоймаған басқышқа немесе есікке қарай жүріңіз, тек лифтке кіруге болмайды. Өрт кезінде лифтті пайдалануға мүлде тыйым салынады. Қабырғалардан, тұтқалардан ұстаңыз, қол орамал немесе киім сыртынан дем алыңыз.  Егер де түтін қоюлана бастайтын болса, еңкейіп немесе жер бауырлай жылжыңыз. Ал егер температураның жоғарылап бара жатқанын сезсеңіз,  демек қауіпті аймаққа жақындап қалдыңыз деген сөз. Мұндайда ең дұрысы – кейін шегіну.  

Егер қалың түтіннің, жоғары температураның және өрттің кесірінен басқышқа немесе дәлізге шыға алмайтын болсаңыз, есікті мықтап жауып, тез арада кейін қайтқаныңыз жөн. Ал есіктің жарықтары мен желдету саңылауларын дымқыл шүберекпен бітеңіз.    

Түтіннің қалыңдығы қауіпті деңгейге жетіп, ғимараттағы температура тым артқан болса, есікті жақсылап жауып, балконға, лоджияға шығу керек. Суланған жапқыш немесе басқадай қалың матаны ала шығыңыз, өрт есік немесе терезе ойықтарынан  өткен жағдайда сонымен қымтанасыз. Алайда бұл қорғаныш ұзаққа бармайды.  Балкон болмаған жағдайдағы сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап, терезе алдындағы тақтайға (ернеуге) шығу.    

Егер де төменде өрт болмаса, ал бөлмеде қалу қауіп туғызса, өрт сөндірушілер басқышы арқылы астыңғы қабатқа түсуге тырысыңыз. Өзіңізді қорғау үшін өрт сөндіру жеңін де пайдалануға болады.  Бір-біріңізді сақтандыра отырып, жеке-жеке қорғануға кеңес етеміз.  Әрине, бұл өмірге қауіп төндіреді, алайда басқадай амал қалмайтын жағдайлар бар.

Егер де түтіні қалың дәліз арқылы шықпақ боп шешсеңіз, (ал ол өте қауіпті), суланған қалың матаны жамылып, еңкейе немесе еңбектей қозғалыңыз.  Қалың мата сізді түтіннен қорғайды  және от жалындап, қызуы артқан шағын телімдерден секіріп өтуге мүмкіндік береді. Ал егер от толқынының өзіңізге жақындап келе жатқанын көрсеңіз,   матамен басыңызды қымтап, ойланбастан жерге жата кетіңіз,  бұл сәтте ішкі ағзаларыңыздың күймеуі үшін тыныс алмағаныңыз жөн.

Отты өршіте түсетін нәрселер:

перделер
киім 
кілем жабындары 
жиһаз, пластик қаптамалар 
өрт және жарылыс қаупі бар заттар

Мына жағдайларда жұт белең алады:

өрт хабарлағыш жоқ болса немесе істен шықса 
эвакуациялық көшіру жолдары болмаса немесе оларға заттар қойылып тасталса
өрт сөндірушілер дер кезінде шақырылмаса
терезе торларын ашу мүмкін болмаса

дерек көзі

ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕР

Тұрғын үй секторында өрттер жиі болады. Өрттерде адамдар жиі қаза болады. Сондықтан біздің кеңестерімізді тағы да оқыңыздар, керегі болар.

Егер сіз өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 01 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді және қабатты айқын айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса да ренжімеңіз (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады), өрт болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса, өрт сөндіру көліктерің қарсы алыңыз. Осының бәрі артық минуттарды сақтайды.

Егер сіз түтіннің исін сезсеңіз, сым немесе электр құралы жанып жатпағандығын тексеріңіз. Егер түтін подъезден келсе, дереу шаралар қолданыңыз. Не болып жатқанын анықтауға тырысыңыз. Бірақ абайлап қимылдау керек: пәтерден шыққан соң есікті жабыңыз, әйтпесе пәтеріңіз подъездің түтіні шығатын үлкен түтіндік болады және оның ішінде жөндеу жұмыстарын жасамай тұруға болмайды. Ал егер түтін демалуыңызға қауіпті болса, төменге түспеңіз – 01 телефонына қоңырау соғыңыз.

Осындай жағдайда адамның үйден жүгіріп шығу әрекеті зардапқа әкеліп соқтырады. Есікті жабыңыз, тесіктерді, желдету тесіктерді сулы шүберекпен жабыңыз да, өрт сөндірушілерді күтіңіз. Үйден шығуға тырыспаңыз (тек егер сіз бірінші қабатта тұрмасаңыз), тіпті лифтпен түспеңіз. Екі-үш баспалдақ аралығынан өтіп, жану өнімдерімен улануға болады, ал лифтті өрт кезінде кез келген уақытта сөндіріп тастауы мүмкін.

Егер басқалар өрт сөндіру күзетін шақырған болса да, өзіңіз де телефон соғып, қай пәтерде отырғаныңызда хабарлаңыз. Бұл ақпарат рация арқылы өрт орнына беріледі және қажетті жағдайда өрт сөндірушілер сізге көмегін тезірек көрсетеді: әр пәтердің (қонақ үй бөлмелерінің) есігін бұзып ашқаннан гөрі нақты адреспен жүрген тезірек болады.

Әрине, өрт біткенше пәтеріңізде отыруыңызға болады, тек егер сіз ағаш қалқалары, балқандары, желдеткіш қораптары жоқ қазіргі заманғы үйде тұрсаңыз. Әрине, әр есті адам ескертусіз авариялық шығулар қай жерде орналасқанын алдын ала байқайды. Бірақ қайғылы оқиғалар адамдардың көбісі экстремальды жағдайларда кірген жолымен құтқарылуға тырысатынын куәландырады.

Оттан кейде өту қажет болады. Бірақ ол үшін от фронтының терендігін және одан арғы жолды білу керек. Егер сіз бәрін дұрыс есептесеңіз, онда мүмкіндігінше теріңізге от тигізбеуге тырысыңыз – бас киім, пальто киіп, көрпе жамылып, осының бәрін сулаңыз. Дем алмауға дайын болыңыз. Ойша барлық жолды өтіп шығыңыз, содан төрт аяқтап немесе еңбектеп шығатын жолға қарай жүріңіз. Отты жерден жүгіріп өтуге болады (жүгіру кезінде дем алмаңыз).

Егер сіз есінен танып қалған адамды шығарсаңыз, оның үстін сулы шүберекпен немесе көрпемен жабыңыз. Адамның үстіндегі киім жанған жағдайда, оның жүгіруіне жол бермеңіз (от тез жанады), үстіне тығыз шүберекті жабыңыз, аса қажетті болса жығып құлатыңыз. Өрт сөндіргішті қолданбауға тырысыңыз, өйткені адамның терісі зақымданады.

Тағы да бір қайталайық – тек басқа мүмкіндік болмаған кезде ғана түтінді жерден өтуге болады. Өрт кезінде түтін мен отпен қатар адамның қорқынышы да қауіпті екендігін әр өрт сөндіруші біледі.

Егер сіз қолданған шараларға қарамастан, пәтерге немесе қонақ үйдің бөлмесіне түтін және ыстық кірсе, балконға шығып, құтқарушыларға белгі беру қажет. Сонымен бірге сіз алдын ала батареяға қол астындағы заттарды (мысалы,ақ жайманы немесе теледидар антеннасының сымын) байлап, ернеуге шыға аласыз. Байланған ай жаймалармен немесе арқанмен түсу қауіпті, бірақ кішкентай биіктіктен болады.

Өрттен қорғанудың ең басты тәсілі - оның себебі өзіңіз болмау. Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті жүздеген өрт сөндіру командаларына қарағанда әр қаланы өрттерден көбірек сақтайды.

Өрт сөндірушілердің дәстүрлі кепілдемелері:
- ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;
- балаларды отты қолдануға үйретіңіз; егер сіз оларға әбден сенбесеңіз, олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;
- қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарларды;
- қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;
- бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;
- электр сымдарының жағдайын байқап жүріңіз, өзіңіздің қауіпсіздігіңізге үнемдемеңіз, электр қалқанында “жучок” қолданбаңыз;
- газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз, плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;
- шатырларға, жертөлелерге, балкондарға, эвакуация жолдарына бөтен заттар қойып, шашпаңыз, балкондарда жанатын заттарды сақтамаңыз – бір пәтерден бірнеше қабаттарға барған тік өрттер болу оқиғалары белгілі;
- тек өзіңіздің пәтеріңіздің қауіпсіздігіне ғана емес, үйдің, ауланың қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз: шатырлар және жертөлелер кездейсоқ адамдардан жабық болу керек; тұрғын үйдегі кез келген шаруашылық жұмыстар (жертөледегі шеберханалар, дәнекерлеу жұмыстары) қауіпті – бұзушылық жағдайында өзіңіздің өрт қадағалау инспекторынан көмек сұраңыз.

Шынында, өрт – бұл ортақ бақытсыздық, егер өрт сөндірушілер жанған пәтерді бірден сөндірсе де, су бірнеше қабатқа ағып кетеді.

Айтпақшы, дамыған елдерде өрт сөндіргіш әр пәтерде және саяжайда бар. Азғантай өрт болған жағдайда сізде арнайы қорғану құралы бар екенін жанұяда барлығы біледі.
 

СІЗДІҢ ПӘТЕРІҢІЗ ЖАНҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Өрт сөндірушілер біріншіден 01-ге қоңырау соғып, балаларды және қарттарды шығарып, тек содан кейін өз күштерімен отты сөндіруді ұсынады. Бірақ әрекет ету вариантын орнында таңдауға болады, ал біз нақты техникалық сұрақтарды қарастырайық. Егер теледидар жанса, оны бірден электр желісінен сөндіріп тастау керек, содан кейін ғана артқы жағындағы желдеткіш тесіктерінен (бір жағында тұрып) сумен сөндіру керек, немесе от басқа заттарға тарамау үшін (мысалы перделерге) қалың көрпемен жауып, суға немесе өрт сөндіргішке жүгіру керек. Егер кинескоп жарылса, онда улы түтін қауіпті, сондықтан бөлмеде өзіңіз дем алмаңыз және басқаларға, әсіресе балаларға, ескертіңіз. Теледидарды перделерден 70-100 см кем емес ара қашықтықта орналастыруға кеңес береміз, оның үстіне жанғыш заттарды қою қауіпті. Розеткаға кедергісіз жол болу керек. Тағы бір маңызды шарт: егер теледидар бұзылған болса - әсіресе ол шытырласа, жанған резеңкенің иісі шықса, кенет өшіп қалса – ол өзімен өзі кетеді деп үміттенбеңіз. Тез теледидарды сөндіріп, шеберді шақырыңыз.

Егер өрт пәтеріңіздің ішінде басталса, және сізде өрт сөндіргіш болмаса, қол астындағы тығыз матаны (сулы жақсырақ) және суды пайдалануға болады. Жанған перделерді жұлып тастап, аяғымен басу немесе ваннаға тастап, су құю керек. Осылай көрпелерді, жастықтарды сөндіруге болады. Терезелерді ашпаңыз, оттектің келуімен от одан да қатты жанады. Сондықтан жанып жатқан бөлмені абайлап ашу керек – от өзіңізге қарсы лап етуі мүмкін. Тоқ соғудан аман болу үшін, электр сымын сөндіру немесе су құю кезінде электрді сөндіріңіз. Пәтердегі өртті сөндірген соң, ештеңе бықсып жатпағанын тексеріңіз.

Бірнеше маңызды ескертпе: өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетеді. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті. Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз, ал егер ол мүмкін болмаса – жанған бөлменің және пәтердің есігін жауып, пәтерден шығыңыз.

Пәтерде ешкім қалмағанын біліп қана пәтерден шығыңыз. Әсіресе балаларды қарау керек: қорыққаннан олар шкафтардың ішінде, үстел, төсек астында, ванна, әжетхана бөлмелерінде тығылып, дауыс бермейді. Түтінделген бөлмеде жылжығанда өзіңіздің үйіңізде де адасып қалуыңыз мүмкін – осы қауіпті есте сақтаңыз. Сулы шүберектен демалыңыз. Мүмкіндік болса - өкпеңізді газқағармен немесе респиратормен қорғаңыз. Бірақ бөлмедегі оттектің мөлшері тез азаятынын ұмытпаңыз, газқағардан да есіңізден танып қалу мүмкін. Түтінделген дәліздерден еңбектеп немесе жорғалап өтіңіз – төменде түтін азырақ болады. Артыңыздан есіктерді жауып жүріңіз. Адамдарды іздеуге арқанмен байланып шығыңыз, сізді біреу сақтандыру керек.

КӨЛІКТЕГІ ӨРТ

Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады. Төгілген бензин бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті.

Өрт сөндірушілердің байқауы бойынша кей күндерде шетел көліктері ерекше жиі жанады. Кейбіреулер олардың біздің жолдарға икемделмегендігін кінәлайды (отын және электр жүйесі босайды), кейбіреулер отынның октан санын көбейтетін әр түрлі қоспаларды кінәлайды. Тағы бір түсіндірме бар - әдейі өртеу.

Көліктегі синтетикалық материалдар былай жанады: анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минуттан көп емес отыруға болады – бұл орташа мәліметтер.

Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін. Айтпақшы, жүру кезінде өрт нақ капоттың астынан басталады, бірақ темекі қалдығынан отырғыштардың жану оқиғалары белгілі.

Отты өрт сөндіргіштің газ немесе көбік ағысын жану ошағына және өрттің барлық алаңы бойынша бағыттап сөндіру керек. Тағы бір әдіс – біртіндеп кеңістікті ала отырып, оттың фронтын басу. Әрине, бірнеше өрт сөндіргішті қолданған тиімді, сонымен қатар кәдімгі өрт сөндіру құралдарының комбинациясы: құм, брезент, қар, су және т.б. Яғни мүмкіндік болса, өртті құю керек – сөндіру қарқындылығы өте маңызды. Осы уақытта өз қауіпсіздігіңізді де ұмытпаңыз – қолдарыңыз бензинде, киіміңіз оның буымен иісі сіңген болуы мүмкін.

Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.

Гаражға мынандай шек қойылады:
 - күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;   
 - гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;   
 - қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;   
 - бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;   
 - пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.   
Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті - өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемдерге берік бекіту керек.

Соңында тағы бір ескерту. Жол қозғалысы ережелерінде сөндірілген қозғалтқышпен ғана жанармай құюға болатыны ескертілмеген, бірақ бұл ережені әр жүргізуші біледі: тәжірибелі нұсқаушы жүргізуші куәлігін алудың алдында бір аппаратта бензин мен электрсымның қосылуы өте қауіпті екенін түсіндіруді ұмытпайды.

отынем орт тылсыз жау дегенге эссе жазып берыныстершы отыныш

118,615 сұрақ
305,987 жауап
153,309 пікір
68,401 қолданушы