Адамдар көбіне жанындағы адамдардың іс-әрекетінен ашуланады. Сол үшін сен ешкімге назар аудармауға тырыс. Еркін жүр, қалаған нәрсеңді істе. Тағы бір себебі, лас жерде жүргенде ашуланады. Сол үшін өзің жүретін жерді, үйіңді, бөлмеңді таза ұстауға тырыс. Өзіңнің жаныңа жақын әнді тыңда. Есіңнен шығарма өзің ең жақсы көретін адамдарда ашуыңды келтіретін тірліктер жасауы мүмкін. Оларға дауысыңды көтерме, ашуыңды көрсетпе. Бастысы салмақты, сабырлы бол. Әрқашан жымиып жүрсең, саған ешкім ауыр сөз айтпайды, сеніңде жаның тыныш болады. Жігіттер үшін ашуды басудың ең тиімді жолы - кәдімгі боксшылардың грушасын ұру. Груша жоқ болса, аджимание жаса, турникке тартыл, болмаса стадионға барып допты бар күшіңмен теп. Содан ашуың басылады, менің тәжірибемде бар. Қыз болсаң айта алмаймын не істеу керектігін. Осы кеңестердің біреуін істеп көр, қолыңнан келсе.