0 дауыс
3.4k көрілді

Бізді арманға балап,

Жұлдыздарды санап,

Жүруші едік алыс күндерді ойлап,

Бар өмірім менің

Бейнет болса мейлі,

Аман болсын достарым менің,

Осы әнді тауып бересіздер ме?(Сөздері қате болуы да мүмкін,шамасы осындай-ау)

2 жауап

0 дауыс
Кел бетіңе тамсанам жулдызбысың аймысың Бар сұлулық тән саған қалықтаған ай мүсін Салтанатты әніммен аралаймын гүл бақты Сүйдім сен жаныммен шырылдайсын бал тәтті Аспанга караймын жұлдызды санаймын Сол жұлдыздын ішінде сен жоқсың Арайлым Арманы талайдың бағыма балаймын Мен сені сүйемін мен сені қалаймын Кем аралда елесің жалтаңдаған көзіңнен Махаббатың кемесін араласам өзіңмен Кел бетіңе тамсанам жұлдызбысың аймысың Бар сұлулық тән саған қалықтаған ай мүсін
Жоқ бұл ән емес,мен дос туралы ән іздеп жатыр едім.
Белгісіз
0 дауыс

Бұл ән mp3 нұсқасында жоқ сияқты (әлде мен таба алмадым))

Достарым ( 2түрі)  сөзі:

Елестейді гүлдер, бірге жүрген күндер
Риза болып еске аламын бүгін
Қаздар ұшқан күндер, жусаны көп жерлер
Өзгермепті, барып көргенмін

Бізді арманға баулап, жұлдыздарды санап
Жүруші едік алыс күндерді ойлап
Бар өмірім менің бейнет болса, мейлі
Аман жүрсін достарым деймін
Көктем де күлімдеп, сағынар бірің деп
Шуақта шомылып мәз боп жүруші ек
Бар өмірім менің бейнет болса, мейлі
Аман жүрсін достарым деймін

Көп ойланам күнде ұйықтай алмай түнде
Бақыт тілеп, бәрі болса деп
Ер жеткен соң осы, ендігі өмір тосып
Қиындықтан қорықпайын деп

Бізді арманға баулап, жұлдыздарды санап
Жүруші едік алыс күндерді ойлап
Бар өмірім менің бейнет болса, мейлі
Аман жүрсін достарым деймін
Көктем де күлімдеп, сағынар бірің деп
Шуақта шомылып мәз боп жүруші ек
Бар өмірім менің бейнет болса, мейлі
Аман жүрсін достарым деймін

Құлпырса шырқала, құлпырса шырқала
Гүл бақшада құстар сайрасын
Ән айтумен тілеп, өссек біз деп тілеп
Армандаудан көңіл талмасын

Бізді арманға баулап, жұлдыздарды санап
Жүруші едік алыс күндерді ойлап
Бар өмірім менің бейнет болса, мейлі
Аман жүрсін достарым деймін
Көктем де күлімдеп, сағынар бірің деп
Шуақта шомылып мәз боп жүруші ек
Бар өмірім менің бейнет болса, мейлі
Аман жүрсін достарым деймін

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...